Қоғам

Трамп Бейжіңде Си Цзиньпинмен кездесті

Дональд Трамп Қытайға мемлекеттік сапармен барып,Си Цзиньпинмен кездесті.

Фото: CNN

АҚШ президенті Халық жиналысы үйі ғимаратына келіп, Қытай төрағасымен ресми келіссөздер өткізді. Кездесу Тяньаньмэнь алаңында салтанатты қарсы алу рәсімімен басталды.

Екі ел басшысы ұзақ қол алысудан кейін құрмет қарауылы мен әскери оркестрдің қатысуымен өткен ресми шараға қатысты. Одан соң тараптар жабық форматтағы келіссөздерге өтті.

АҚШ президенті Си Цзиньпинді «ұлы көшбасшы» деп атап, оны досы санайтынын жеткізді. Сондай-ақ Трамп Вашингтонның Бейжіңмен экономикалық қатынасты толық өзара тиімділік қағидаты негізінде дамытқысы келетінін мәлімдеді.

АҚШ делегациясының құрамына әлемдегі ең ірі 30 компанияның өкілдері кірген. Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы қарсыластық екі тарапқа да зиян әкелетінін айтып, елдер «қарсылас емес, серіктес болуы тиіс» екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Қытайға соңғы тоғыз жылда алғаш рет мемлекеттік сапармен келді.

Сайт Әкімшілігі