Қоғам

Трамп Иранға қарымта соққы жасалатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның америкалық әскери нысандарға жасаған шабуылына қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.

Фото: REUTERS

«Біз оларға қуатты соққы береміз. Жауап болады», – деді Америка президенті.

Бұған дейін АҚШ әскері Ормуз бұғазындағы Ларак аралында орналасқан Иранның екі зымыран қондырғысына соққы жасаған. Вашингтон бұл әрекетті стратегиялық теңіз жолының миналануына жол бермеу үшін жасалғанын түсіндірді.

Оған жауап ретінде Иран Иорданиядағы америкалық әскери нысандарға кемінде сегіз баллистикалық зымыран ұшырды. Трамптың айтуынша, зымырандардың барлығы дерлік америкалық әскерилер тарапынан атып түсірілген.

Сонымен қатар АҚШ президенті бұған дейін Иранның мұнай экспорты үшін маңызды Харк аралы нысана болуы мүмкін екенін айтқан.

Екі ел арасындағы әскери қақтығыс бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Соңғы шабуылдар тараптар арасындағы шиеленістің қайта күшейгенін көрсетті.

Сайт Әкімшілігі