Әлеумет

Трамп Иранмен келіссөз келесі аптада қайта басталуы мүмкін екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы аптада Иранмен келіссөз қайта басталады деп күтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында айтты.

Фото: скриншот

"Олар келісім жасағысы келеді, бірақ олардың ұсынып отырғаны мен қалайтын келісім емес. Олар өз күшін асыра бағалады", – деді Трамп.

АҚШ президенті Иранға қайта соққы беру мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Axios дереккөздерінің мәліметінше, келіссөздер 28 қыркүйекте басталуы мүмкін. Катарлық арағайындар Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи және АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездеспек.

Алайда тараптардың талаптары әртүрлі. Тегеран Ормуз бұғазын толық ашып, АҚШ-тың теңіз блокадасын алып тастауды көздейді. Вашингтон бұған қоса Иранның ядролық бағдарламасына қатысты талаптарды келісімге енгізуді қалайды.

Бұған дейін Трамп Иран ұсынған жеті күндік жоспарды қабылдамаған. Тегеран бірқатар шарт орындалған жағдайда Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын қалпына келтіруді ұсынған еді.

Сайт Әкімшілігі