Әлеумет

Трамп Иранмен келіссөзді тоқтатты: Исламабадтағы кездесу өтпей қалды

Дональд Трамп Иранмен келіссөздерге қатысуы тиіс делегацияның Исламабад қаласына сапарын тоқтатты. Бұл туралы АҚШ президенті 25 сәуір, сенбі күні мәлімдеді.

Фото: АР

Трамптың айтуынша, ол өкілдеріне Пәкістанға бармау туралы тікелей тапсырма берген.

«Жолға тым көп уақыт кетеді, ал жұмыс көп. Оның үстіне, олардың “басшылығында” алауыздық бар, кімнің басты екенін өздері де білмейді. Барлық артықшылық бізде», – деп жазды ол.

Бұған дейін Ақ үй арнайы өкіл Стивен Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен келіссөз жүргізу үшін Исламабадқа баратынын хабарлаған еді.

Алайда сол күні кешке Иран кездесу болатынын жоққа шығарды.

Иран делегациясы Пәкістанда болған кезде Асим Мунир және премьер-министр Шахбаз Шарифпен кездесіп, келіссөздерді талқылаған.

Сонымен қатар, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс бұл жолы келіссөздерге қатыспаған. Бұған Иран тарапынан жоғары деңгейдегі өкілдің болмауы себеп болуы мүмкін.

Еске салсақ, АҚШ пен Иран арасындағы алғашқы тікелей келіссөздер 11 сәуірде Исламабадта өткен, алайда нақты нәтиже бермеген. Келесі күні Трамп Ормуз бұғазына қатысты блокада жариялап, жағдайды одан әрі ушықтырған еді.

Сайт Әкімшілігі