Саясат

Трамп: «Иранмен келісу енді оңайырақ»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалған соққылардан кейін Тегеранмен келіссөз жүргізу «кешегі күнге қарағанда әлдеқайда жеңілдегенін» мәлімдеді.

Фото: REUTERS

Бұл туралы CBS жазды.

«Қазір бұл бір күн бұрынғыдан әлдеқайда оңай, бұл анық», - деді ол.

28 ақпан күні таңертең АҚШ Израильмен бірлесіп Иранға қарсы әскери операция бастаған. Пентагон операцияны «Epic Rage» («Эпикалық қаһар») деп атады.

1 наурызға қараған түні Дональд Трамп «тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі» — Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеи қаза тапқанын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі