Трамп Киевті Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасамауға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдегі дизель отыны тапшылығы Таяу Шығыстағы жағдайдан емес, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты туындап отыр деп есептейді.
Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің дизель отыны инфрақұрылымына соққы беруді тоқтатуға шақырды.
Ақ үй басшысы 13 қыркүйек, жексенбі күні отбасына тиесілі алаңда өткен Irish Open гольф турниріне барған кезде журналистермен сөйлескен.
«Біз бұл мәселені Зеленский мырзамен талқыладық. Басқа да көптеген нысана бар. Ресейдегі дизель отынына соққы беруді тоқтатуларыңыз керек. Бұл бүкіл әлемге зиянын тигізіп жатыр», – деді Трамп.
Оның айтуынша, жаһандық тапшылықтың негізгі себебі Таяу Шығыстағы жағдай емес.
«Бұл Таяу Шығыстағы жағдайдан туындаған жоқ. Бұған Ресей мен Украинада болып жатқан оқиғалар себеп», – деді АҚШ президенті.
Трамп мұндай мәлімдемені АҚШ-та дизель отынының бағасы рекордтық деңгейге жеткеннен кейін жасады. Жұма күні ел бойынша дизельдің орташа бағасы бір галлон үшін 6 доллардан асқан.
Украина бірнеше айдан бері Ресейдің мұнай-газ саласындағы нысандарына алыс қашықтықтан соққы жасап келеді. Соның салдарынан Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай жеткізуге шектеу енгізілген. Мәскеу шілде айында дизель отынын экспорттауға тыйым салды. Бұл әлемдік нарықтағы онсыз да шектеулі ұсынысты одан әрі қысқартқан.
Сонымен бірге жаһандық энергетикалық дағдарыс Иранмен соғыс жағдайында күшейгенін. Қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын мұнай көлемі азайған.
Бұған дейін бірнеше БАҚ Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі әлемдік нарыққа мұнай жеткізуді одан әрі қиындатқанын хабарлаған.