Трамп Путинді "досым" деуінің себебін түсіндірді
АҚШ президенті Д.Трамп Ресей басшысы В. Путинмен достық қарым-қатынаста екенін айтуы оның Украинадағы әскери агрессияға қатысты қатаң ұстанымына қайшы келмейтінін мәлімдеді.
Оның сөзінше, мұндай мәлімдеме келіссөз жүргізуге мүмкіндік туғызуға бағытталған дипломатиялық тәсіл.
Трамптың пікірінше, Украинадағы қақтығысты реттеуге кедергі келтіріп отырған негізгі себептердің бірі – Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің бір-біріне деген жеке өшпенділігі.
АҚШ басшысы Путинмен бұрыннан таныс екенін айтып, онымен жұмыс қарым-қатынасын сақтауды Ресейге жасалған жеңілдік емес, келіссөздер барысында ықпал етуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастыратынын жеткізді.
Бұл мәлімдеме Зеленскийдің Путинді Адольф Гитлермен салыстырған сынынан кейін айтылды.