Саясат

Трамп Ресей мен Украина арасында үш күндік бітім жарияланғанын мәлімдеді

Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында 9-11 мамыр аралығында үш күндік атысты тоқтату режимі енгізілетінін хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде АҚШ президенті бұл кезеңде барлық әскери әрекеттер тоқтатылып, тараптар арасында тұтқын алмасу жүргізілетінін айтқан.

Трамптың сөзінше, Ресей мен Украина әрқайсысы мыңнан тұтқынды алмастыруға келіскен.

«Бұл өтінішті мен жеке өзім жасадым және президент Путин мен президент Зеленскийдің келісім бергеніне ризамын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ақ үй басшысы бұл уақытша бітім ұзаққа созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Бұл өте ұзақ, қантөгіске толы соғыстың аяқталуына бастама болады деп үміттенемін. Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздер жалғасып жатыр және біз күн сайын мақсатқа жақындап келеміз», – деді Трамп.

Трамп өз жазбасында Жеңіс күні Ресейде ғана емес, Украина үшін де маңызды дата екенін атап өткен. Оның айтуынша, Украина да Екінші дүниежүзілік соғыста маңызды рөл атқарған.

Сайт Әкімшілігі