Трамп Си Цзиньпинмен кездесуінің мән-жайын Жапония премьеріне баяндады
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездескеннен кейін Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитиге телефон шалды.
Шамамен 20 минутқа созылған әңгіме барысында Трамп Қытай көшбасшысымен келіссөздерінің барысын егжей-тегжейлі баяндаған.
Бұл – бір апта ішінде екі саясаткердің екінші рет байланысуы. Бұған дейін Трамп пен Такаити Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясы аясында жеке кездескен.
Жапония үкіметі Токио мен Вашингтон арасындағы байланыстың нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Жапония тарапы Бейжің АҚШ пен Қытай көшбасшыларының кездесуін Токиоға қатысты ұстанымын күшейту үшін пайдалануы мүмкін деп алаңдайды.
Бұған Қытай мен Жапония арасындағы Тайвань мәселесіне қатысты шиеленістің артуы себеп болып отыр. Такаити бұған дейін Тайваньға қатысты мәлімдеме жасап, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастағы алаңдаушылықты күшейткен.