Саясат

Трамп Тоқаевты зорға құттықтады

АҚШ президентіДональд ТРАМП Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ президент болып сайлануымен құттықтап,жеделхат жолдады.

Jasalash.kz

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Ортаққауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау үшін, біздің стратегиялық әріптестігіміздіілгерілету ісінде сізбен ынтымақтастыққа үміттенемін. АҚШ Қазақстанмен мығымәріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүддеаясында сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмысты жалғастырабермекпіз», – делінген Трамптың құттықтауында.

Қызығы, АҚШпрезиденті бұл құттықтауды басқа мемлекет басшыларының ең соңынан жіберіп отыр.Алыс-жақын елдердің басшылары Қ.Тоқаевты 12-17 маусым аралығында телефон не жеделхатарқылы құттықтап тастаған.  Орталықсайлау комиссиясы сайлау нәтижесін 10 маусым күні жария етті.  Трамп құттықтау жеделхатын тұп-тура он бескүннен кейін жолдаған.

Айтпақшы, үлкенжетілікке кіретін басқа мемлекеттердің басшылары да Тоқаевты кеш құттықтады.Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй құттықтау жеделхатын 21 маусым күніжолдаса, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Жапония премьер-министріСиндзо Абэның құттықтау жеделхаттарын Ақорда сайты 17 маусым күні жариялаған.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега