Саясат

Трамп түрмедегі суреті басылған кәдесыйлардан миллиондаған доллар табыс тапты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жақтастары оның сайлауалды науқанына саясаткердің түрмедегі суреті салынған футболканы сыйлыққа алу үшін 7 миллион доллардан астам қаржы бөлді.

Jasalash.kz

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джорджия штатындағы Фултон округіндегі түрмеде 2020 жылғы президенттік сайлауды бұрмалау ісі аясында түсірілген фотосуретін сәтті пайдаланып жатыр.  Германияның ARD қоғамдық телеарнасының Tagesschau ақпараттық бағдарламасының сайтында 24 тамыз күні кештен бастап Республикалық партияның жаңа президенттік науқанына қаражат жинау қорына 7,1 миллион доллар жиналғанын хабарлады. Ақ үйдің бұрынғы басшысының суреті бар жарнамалық футболкалар, стикерлер, көзілдірік және басқа да кәдесыйлар арқылы біраз табысқа жетті.

Республикалық партияның Трампты қолдауы

Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунгтың айтуынша, тек 25 тамызда ғана осы заттарды сату арқылы рекордтық 4,18 миллион доллар жиналды. Трамптың түрмедегі фотосының астындағы жазу оның қазіргі сайлау науқанының ұранына айналған: «Ешқашан берілме!».

Фото сонымен қатар Трамп қаржыландыратын Truth Social әлеуметтік желісінде «Сайлауға араласу» деген жазумен жарияланған.

Жақында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша республикашылдардың шамамен 62 пайызы Дональд Трампты өз партиясының президенттігіне кандидат ретінде ұсыну идеясын қолдады. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега