Қоғам

Трампты "түрмеге жаптық": Тегеранда АҚШ-қа қарсы акция өтті

Иран астанасы Тегеранда АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы символикалық наразылық акциясы өтті.

Фото: видео-скрин

Қаладағы Теджриш алаңына түрме камерасы түрінде безендірілген құрылым орнатылып, оның ішіне Трамптың бейнесін сомдаған актер орналастырылды.

Anadolu Ajansı агенттігінің хабарлауынша, инсталляция жарнама тақтасына ұқсатып жасалған. Темір тордың ар жағында тұрған актер АҚШ президентіне тән қимыл-қозғалыстарды қайталаған.

Фото: видео-скрин/Дональд Трамп

Құрылымға Иранның Минаб қаласындағы "Шаджаре Тайебе" мектебіне және Сирик қаласындағы тойханаға жасалған АҚШ соққыларын еске салатын жазулар да орналастырылған.

Ұйымдастырушылар бұл акция арқылы АҚШ-тың әрекеттеріне қарсылық білдіріп, Иран аумағындағы азаматтық нысандарға жасалған шабуылдарға назар аударуды көздеген.

Сайт Әкімшілігі