Трамптың арнайы өкілі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Ресейге келді
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф 21 қазанда Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Санкт-Петербургке келді.
Бұл туралы DW хабарлады.
Уиткоффты Пулково әуежайында Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алған. Келіссөзге АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер де бейнебайланыс арқылы қатысады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін, 20 қазанда Уиткофф пен Кушнер Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Еуропа елдерінің өкілдерімен кездескен. Тараптар Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын, қауіпсіздік кепілдіктерін, аумақтық мәселелер мен Ресейге қарсы санкцияларды талқылаған.
Axios басылымының мәліметінше, Уиткофф Путинге соғысты аяқтауға арналған жаңартылған бейбітшілік жоспарын ұсынбақ. Вашингтон Трамп, Путин және Зеленскийдің қатысуымен тікелей келіссөз ұйымдастыруды да көздеп отыр.
Ал Зеленский Украина тағдырына қатысты қандай да бір келіссөз Киевтің қатысуынсыз өтпеуі тиіс екенін мәлімдеді.