Түгенбайдың Тазабектің жиынына айтқан сөзі
Өмірмен хош айтысамдеп шешім қабылдаған адамды өлімнен ешнәрсе тоқтата алмайтын секілді, өшемдеген ел де өзінің тұңғиығына қарайбас-көз жоқ жүгіреді екен.
Мен соны ұқтым. Кім сатқын, қайсысы билікпен ауызжаласты, кім оң, кім солақай деп қоғамның озық ойлы азаматтары бір-біріненкүмәнданып жүргенде ваххабизм ағымын таратушы топтар өздерінің аяр пиғылынжүзеге асырып жатыр.
Бастапқыда өз адепттерін халықтық дәстүрден ада қылмақшыболған, ұлттық музыка — харам, домбыра үні — харам деп уағыз айтқан олар, елішінде дәстүрлі ұлттық құндылықтар әлі де мықты екенін сезіп, басқа тактикағакөшті. Енді олар ата-баба дәстүрін қолдаушы күш ретінде көрсетпек өздерін.Ваххабтардың рупоры, қызыл тілді ораторы Мұхамеджан Тазабек Алматының төрінде,анау-мынау емес, еліміздегі ең ірі республика сарайында, 5000 адамға дейінжинай алатын залда халықпен тегін кездесу өткізіпті. Қайталап айтам, ТЕГІН. Бұлғимаратты бір кешке жалдау 10 миллионнан кем тұрмайды. Ал оны төлеп берген кім?Мұхамеджанның өзі ме? Қайдам, әрбір кездесуіне сондай ақша шаша берсе, байғұсдамбалсыз қалар. Айтайын дегенім, мұндай альтруисттік шараны біреуқаржыландырғаны түсінікті. Мәселе кім екенінде. Кім болса да қалтасы қалыңадамдар. Ал мұндай шығынға не себептен барып отыр ол адамдар? Демек бір мақсат бар.Ол мақсат біреу ғана — халық назарын өздеріне аудару. Ал аударып болған соң, өзидеологиясына жетектеу. Идеологияны жүргізу ілімінде бір мызғымас қағидат бар.Ол — бұқараны өз қалауыңа көндіргің келсе, онда алдымен сол бұқараның қалауымен талғамы деңгейіне дейін түс. Солардың мақсат-мұраттарын қайталап өзіне айт.Айта бер, айта бер. Содан соң ғана, бұқара сенің олармен бір екеніңді сезгенсоң қолынан ал да, жетектегендей етіп өз жолыңмен ертіп алып жүре бер. Сондаолар сенің жетегіңде қайда болса да еріп жүре береді. Дәл қазір ваххабтардыңұстанып отырған саясаты осы.
Қазақтың ата дәстүріне берік екенін түсінген соң,олар бүгінде қазақтың мызғымас аксиомаларын сендердің өздеріңе қайталайбастады. Өздерің логикаға салып көріңдерші, жаңалық ашты ма қазаққа? Жасүлкенді, ұл әкені, қыз әке-шешені құрмет тұту, әйел-ерді, ер-әйел затын, оныңішінде балаларыңның анасын сыйлау қағидаттары сіздерге жаңалық па? Айтыңдаршы,таңсық па? Жоқ. Жаңалық емес. Сөйте тұра, ойбай, біздің елімізді құтқарар күшжалғыз осылар дегендер күн асып өсіп бара жатыр. Кешегі кеш соның куәсі. Жиынғабарып, таңдай қағып, ауыздарының суы құрып БАҚ өкілдеріне интервью беріп жатқанөзім танитын зиялы ағаларымды көріп жағамды ұстадым. Біз азат қазақ санасы үшінкүресте ұтылудың сәл-ақ алдында тұрмыз. Ал бәріңнің ойлау қабілеттеріңдіесеңгіреткенде не болатынын айтайынба? Әрине, алдымен бала әкені, жасүлкенді тыңдауы тиіс дегеннен басталады. Содан әрі жыныстық бөлу басталады.Әйел еркекке бағынышты болу керек дейді олар. Еркек не айтса сол заң. Одан соңжамағат басшыларының айтқаны заң болады сіздерге. Сөйтіп өздеріне ғанабағынышты иерархия құрылады. Сол кезде сендерге кез келген авторитаризмдемократияның көкесі болып көрінеді. Себебі еркін ой, азат сөз деген ұғымдармүлде жойылады. Тек ИГИЛдағыдай соқыр сенімге бас иесіңдер.
Сосын бәрің де құдайдың ҚҰЛЫСЫҢДАР, демекқұдайдың осындағы уәкілі, біздің дегенімізбен жүреуге тиіссіңдер деп шешімшығарады. Сонда сендер бүгінгі күнге зар болып қалатын боласыңдар. Кеш болмайтұрғандарда ойланыңдар, алаштың азат азаматтары. Нендей бұғауға өз еріктеріңменкетіп бара жатқандарыңды бір сәт болса да, ойланыңдар. Билік бұл жердедәрменсіз. Әркім өз санасына жүгінуі тиіс.
Материал Мұхтар Түгенбайдың«Facebook»парақшасынан алынды.
Фото әлеуметтік желіден