Әлеумет

Түймебаев «Наурыз» мерекесінде халықты сандалтты

Наурыз тойлаған халық көрмедім, шаңға батып сандалып, адасып, әбіржіп жүрген халықты көрдім.

Jasalash.kz
Қазығұрт тауының бөктеріне бүкіл халықты жинап «Наурыз» бермекші болған облыс әкімінің еркелігі біраз халықты шаршатты. Көбісі жол таппай адасып жүр. Ешқандай банер ілінбеген, нақты мекен -жай көрсетілмеген. «Айтпайсыз ба? Сізді күтіп алар едік қой»- дейді… Сонда басқа қарапайым халық ше? Халықтың жүрген жолыменен мен де жүремін. Халықтың көрген азабын мен де көремін. Әз Наурыз осылай болды биыл бізде! Әртіс көйлек киіп, аяқтарына шпилкі киіп барған қыздарға қатты жаным ашыды. Білмеген -ау әкім мырзамыз топыраққа апарып тығатынын. Камаз-камаз солдаттарды апарып қоршап қойған «Наурыз » облыс әкімі үшін жасалғаны көрініп тұр. Жансейіт Түймебаев мырза арнайы құттықтай алмадым, интернет арқылы құттықтайын «Наурыз құтты болсын!

Айгүл Орынбек

Фото:sputniknews.kz

Автордың әлеуметтік желідегі жазбасы өзінің  рұқсатымен жарияланып отыр.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега