Баған

Тұйық төңірегіндегі былық

Жоғарғы сот назарына! «Қазақстан темір жолы» республикалықмемлекеттік кәсіпорнына қарасты Түлкібас станциясындағы №52 жол дистанциясыныңбастығы З.

Jasalash.kz

Сейітбеков 2000 жылдың  2 тамызы күні Бурное станциясындағы ұзындығы220метрлік №13 теміржол тұйығын   жалпы құны 47 077 теңгеге  «Жібек жолы» шаруақожалығының меншігіне беру жөнінде бұйрық шығарады. Қолданыстағы Азаматтықкодекстің  200-бабының 1-бөлігіндегікөрсетілген талапқа сәйкес, көлік және коммуникация министрлігіне қарасты«Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының меншігіндегімүлікті оның заңды иесі – Республикалық мемлекеттік уәкілетті органның  жазбаша рұқсатынсыз  басқаларға беругеболмайтын еді. Оның үстіне №52 жол дистанциясының бастығы,  марқұм З.Сейітбековтің 2000 жылғы 3 тамыздағы«Жібек жолы» шаруа қожалығымен  жасасқан  сатып алу-сату келісімшарты да №13 теміржол тұйығы «Жібек жолы» шаруа қожалығынаберіліп кеткеннен кейін жасалынған. Бәлкім, жуалылық ұлықтарға қолдарындабұйрық болғаннан кейін  сатып алу-сатукелісімшартының  қай мезгілде жасалынып,  қай уақытта жүзеге асырылатыны  аса  маңызды болмаған да шығар. Ал  Азаматтық кодекстің  «Меншік құқығына ие болу негіздері» депаталатын 235-бабы 2-бөлігінің талаптарына сүйенсек, мүлікке, меншікқұқығына  басқа адам  сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесеосы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ғана ие болуы мүмкін.Бұл айтқанымыз заңсыз шығарылған бұйрықтың негізінде өзгеге тиесілі мүліктің«Жібек жолы» шаруа қожалығына  бармақбасты, көз қысты әрекетпен сатылып кеткенін дәлелдейтін  көп деректің шеті ғана.

Белгіленгентәртіпке сәйкес, З.Сейітбековтің  бұйрығымен «Жібек жолы» шаруа қожалығыназаңсыз  беріліп кеткен теміржол тұйығы ендіЖамбыл облысының Жуалы ауданы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы филиалынатіркеліп, заңдастырылуы қажет еді. Дәл осы жерде жылжымайтын мүлік орталығыныңфилиалы «Жібек жолы» шаруа қожалығы мен №13 теміржол тұйығы төңірегінде  жасалынған  мәмілелердің шикілігін біліп, оны тіркеуденбас тартады. Содан кейін «Жібек жолы» шаруа қожалығының басшысы О.Нұралы Жуалыаудандық сотына    жүгінеді. 2001 жылғы 9 ақпанда судья Г.Нұрлықұловтың(О.Нұралының жақын құдасы)  төрағалық жасауыменөткен сот мәжілісі  «Қазақстан теміржолына» қарасты  №52 жол дистанциясы  бастығы З.Сейітбековтің  ұзындығы 220 метрлік  №13 тұйықтың   «Жібек жолы» шаруа қожалығымен арадағыжасалынған сатып алу-сату келісімшарты мен нысанды жекеменшікке қабылдап алуактісіне сәйкес, №13 теміржол тұйығы қожалықтың меншігіне заңды  берілген деген қорытынды жасайды. Сөйтіп, №52 жолдистанциясы  бастығының «Қазақстан теміржолы» кәсіпорнының меншігіндегі  теміржолтұйығын  оның иесінің келісімінсіз өзгеге сатуға қаншалықты құзыреті бар деген сауалға құқықтық тұрғыдан жауап  берместен, Жамбыл облыстық жылжымайтын мүлікорталығы Жуалы аудандық филиалының басшысына нысанды «Жібек жолы» шаруақожалығының меншігі ретінде тіркеуді міндеттейді. Судьяның өз шешімінде  даулы нысанды сатып алу-сату мәмілелерінің дұрыстығынтек  сот тәртібімен ғана  анықтау мүмкін  деп отырып, оған не себепті құқықтық тұрғыдан бағабермегені еріксіз ойландырады.

Қазыныңайтып отырғанындай,  З.Сейітбековпен арадағы   сатыпалу-сату келісімшартының  заңға сәйкес жасалынғаны  сот тәртібімен ғана  анықталатын болса,   онда «Жібек жолы»  шаруа қожалығының ұзындығы220 метрлік №13 теміржол тұйығын  алты айбойына заңсыз иемденіп келгені  қалай? Тағыда Г.Нұрлықұловтың шешіміндегі негізге сүйенсек, Түлкібас  станциясына қарасты №52 жол дистанциясы ОңтүстікҚазақстан облыстық әділет басқармасының 2000 жылғы 18 қазандағы  бұйрығымен таратылып кетіпті-мыс. «Дұрысы осы-ау» деп, қазының сөзіне сенейіндесең, Түлкібас станциясы №52 жол дистанциясының  бастығы В.Сергенов  «Көліктік сервисі орталығы»  акционерлік қоғамының  өкілі Е.Ахметовке 2020 жылғы 19 наурызда (№99) жолдаған хатынан №52 жолдистанциясының таратылмағанын анық жазады. Сонда кімдікі дұрыс?  Екі адамның қайсысы жалған мәлімет беріпотыр? 

Әрине, Түлкібасстанциясына қарасты №52 жол дистанциясының таратылмағанын  хабарлап отырған В.Сергеновке  мұндай деректің  маңызы болмауы да  мүмкін,  ал оның  Г.Нұрлықұлов үшін  «Жібек жолы» шаруа қожалығының пайдасына  шешім шығарып беру барысында  табан тірейтін дәлелдің бірі ретінде  қызмет атқарғаны  дау тудырмайды.  Сірә, бұл судьяның №13 тұйықтың жібін шыжымдап қалай тартса да, оның   түпкіұшының Азаматтық кодекстің  200-бабының1-бөлігіндегі  шектеуге келіп  тірелетінін  алдын ала аңғарып,   сақтанған кезекті  амалы   тәрізді әсер қалдырады.  Жоғарғы соттың  2003 жылғы 11 шілдедегі  «Сот шешімі туралы»№5 нормативтік қаулысының  5-бөлігіндегі   іс бойынша жинақталған дәлелдемелер даудышешу үшін жеткілікті болса ғана ондай шешім негізді болып саналады  деген қағидасына сүйенсек, сот шешіміндеболжамды тұжырымдар болмауға тиіс.  Солсебептен де болар,  Жуалы аудандық  жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы  соттың шешімі шықты екен деп елп ете қалмай,  шаруа қожалығы басшысының қолында меншікқұқығын беретін құжаттардың жоқтығын және сатып алу-сату келісімшартының  нотариалды куәландырылмағанын көлденеңтартып,   Нұралы Орынбасардың мүлкін тіркеуденбас тартады. Шаруа қожалығының иесі,   амал жоқ,  сатып алу-сату жөніндегікелісімшартты заңды деп тану үшін   тағы да сол баяғы   Жуалы аудандық сотына шағымданады. Бұлжолы  істі қараған Жуалы аудандық сотыныңсудьясы  А.Кульчикова да әріптесі  Г.Нұрлықұловтың ізімен кетіп, №13 теміржолтұйығының  №52 жол дистанциясы бастығыЗ.Сейітбековтің бұйрығымен шаруа қожалығына заңды түрде берілгенін растап,мұндай қорытындыға  47 077 теңгеге  сатылған нысанның  баланста  жоқ  екені туралы Түлкібас станциясы №52 жолдистанциясының 2002 жылғы 25 наурыздағы №35 анықтамасына(бұл Г.Нұрлықұлов қараған істе 2000 жылғы 18 қазанда таратылып кеткенмекеме болса, онда қалай анықтама береді? – Е.М.) және Жамбылоблыстық аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аталғаннысан белгіленген заңмен арнайы режиммен жекешелендіру тізіміне енбегені жайындағыжете зерттеліп, құқықтық бағасын  алмағанхабарламасына сүйенеді.   Бір қызығы, А.Кульчикованың 2002 жылғы 10 маусымда шығарған осы шешімінің  судьяның қолы қойылмаған көшірмесі аудандықсоттың төрағасы  Г.Нұрлықұловтыңкуәландыруымен  мемлекеттік тіркеуденөткізу үшін пайдаланылған. Маңызды құжаттармен жұмыс істейтін  жауапты орындарға  шешімнің көшірмесі емес,  істі қараған судьяныңқолы қойылып, мөрі басылған  түпнұсқасының берілетінін сот төрағасы мен онытіркеуден өткізген құзырлы  мекеме басшысыныңқаперге алмағаны қалай? Әлде судья  А.Кульчикова    «Қазақстантемір жолы» кәсіпорнына  тиесілі мүлікті  өзге біреудің қанжығасына  қарадай  байлап берген  әрекетінің жауапкершілігі  күндердің күніндеалдынан сопаң етіп шыға келетінінен сескеніп,   қол қоюданқасақана  бас тартты ма екен?  

«Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамыЖамбыл облысы филиалының   мәліметтеріне жүгінсек, «Жібек жолы» шаруақожалығына берілген  ұзындығы 220 метрлік№13 теміржол тұйығы  Жуалы аудандықсотының 2002 жылғы 10 маусымындағы шешімінен кейін, яғни 11 айдан соң,  2003 жылдың 8 мамырында ғана мемлекеттіктіркеуге алынған.  Ал  Б.Момышұлы ауылының әкімі болса 2002 жылғы 26қарашадағы №245 шешімімен судья  А.Кульчикованың  2002 жылғы 10 маусымдғы шешімімензаңдастырылған ұзындығы 220 метрлік  теміржол тұйығын орналастыру үшін жалпы көлемі1,1240 га жер учаскесін  О.Нұралының жекеменшігінезаңдастырып  берген.  Дәл осы арада  жуалылық ұлықтар жер учаскесінің бұрын Б.Момышұлыауылы әкімінің 2000 жылғы 1 қарашадағы  №79шешімімен және 2001 жылғы 1 қаңтардағы №0026757 жер актісіне сәйкес, «Қазақстантемір жолы» мемлекеттік кәсіпорнына тұрақты пайдалануға беріліп кеткенін естеріненшығарып алған.  Қазақстан Республикасының2001 жылғы 24 қарашадағы №152 «Жер туралы» заңының 26-бабы 14-тармағыныңталаптарына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнын тұрақты жерпайдалану құқығынан айыру азаматтық-құқықтық мәмілелер (сатып алу-сату,айырбастау т.б.) негізінде ғана жүргізілуі тиіс еді. Өкінішке қарай, Б.Момышұлыауылының әкімі  бұрын бұл жер учаскесінің өзге мекеменің тұрақты пайдалануынаберіліп кеткенін біле тұра, «Жер туралы»  заңының жоғарыдағы аталған талаптарына қарама-қайшышешім қабылдап, «Қазақстан  темір жолы»мемлекеттік кәсіпорнының тұрақты жер пайдалану құқын бұзған. Тұйықтөңірегіндегі былық пен шылық мұнымен бітпеген,  енді   жер кадастрын және жылжымайтын мүлік бойыншаЖуалы аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрғасы А.Айтқұлов шаруақожалығының басшысы О.Нұралыға  Б.Момышұлыауылы әкімінің 2002 жылғы 26 қарашадағы №245 шешімінің негізінде жасаған №0033893мемлекеттік актісінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы №266«Теміржол көлігі туралы» заңының 19-бабы 2-тармағының талаптары бойынша  теміржол тұйығы орналасатын жер учаскесініңұзындығын келісімшарттағы 220 метр деп көрсетудің орнына оны  негізсіз 840 метрге дейін  асырып  көрсетіп жіберген. Соның салдарынан шаруақожалығына бөлінген жер учаскесі көршілес   Р.Аманбековтің жекеменшігіндегі ұзындығы 88метрлік  теміржол тұйығы орналасқанкөлемі 0,0337 га жер учаскесімен және «Көліктік сервис орталығы» акционерлікқоғамына тиесілі 160 метр теміржол тұйығы орналасқан жер телімімен қабаттасыпкеткен.  Жуалы ауданының жер қатынастары  бөлімінің бастығы  М.Пешенов болса  «Жібек жолы» шаруа қожалығына жер бөліп берукезінде жіберілген  әлгіндей заңбұзушылықты жоюдың орнына, керісінше, 2018 жылғы 24тамыздағы бұйрығымен  «Жібек жолы»  шаруа қожалығына тиесілі жер учаскесінің шекарасымен орналасқан жерін көрші жер учаскелері иелерінің келісімінсіз өзгертіп, жергеорналастыру жобасын қайта бекіткен. Сөйтіп, жер кадастры мен жылжымайтын мүлікбойынша Жуалы аудандық бөлімінің бастығы  А.Егеубаев 2018 жылдың 21 қыркүйегінде  О.Нұралыға шекарасы мен орналасқан жері негізсізөзгертілген көлемі 1,1240 га жер учаскесіне  №311091 жаңа мемлекеттік актісін жасаған.  Осылайша мемлекеттік уәкілетті органдар  Р.Аманбековтің жекеменшігіндегі көлемі 0,0337га жерді «Жібек жолы» шаруа қожалығының басшысы О.Нұралының қанжығасына заңсызбайлап бере салған. Осыған байланысты Жуалы ауданының жер комиссиясы 2019жылдың 5 маусымында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыЖамбыл облысы бойынша филиалының жер бөлу кезінде жол берген заңсыздықтарын  жою туралы Н.Байдалиевтің  арызында көрсетілген   мәселелерді анықтап,  заңды түрде   тіркелген жер құжаттарының негізінде және Жеркодексінің 52-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес, даулы жер учаскесі Р.Аманбековкетиесілі  деген  қорытынды шығарады. Соның негізінде «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы Жуалыауданы жер комиссиясының қорытындысын негізге алып, шаруа қожалығы жерініңР.Аманбековке тиесілі жер учаскесімен қабаттасуын жойған.

 Жер  төңірегіндегі тартыстың соңына осымен де нүктеқоюға болар еді,  алайда «Жібек жолы»шаруа қожалығының басшысы О.Нұралы жер комиссиясының қорытындысымен келіспей, Б.Момышұлыәкімінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы №119 шешімімен «Транзит көмір» ЖШС-не көлемі 0,0337 га жер беру туралы бөлігін заңсызжәне «Транзит көмір» ЖШС-мен Р.Аманбековтің арасындағы 2001 жылғы 25желтоқсандағы жасалынған сатып алу-сату шартының 0,0337 га жер сату туралыбөлігін жарамсыз деп тану туралы Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотына шағымданады. Істі қараған экономикалық сот ақиқаттанайналып өте алмай,  үстінен шағым түсіпотырған Р.Аманбековтің  бұл жерді жылжымалымүлік орталығында тіркетіп, заңдастырып алғанын анықтайды. Сот талапкердіңшағымын әрі қарап, бері қарап, соңында О.Нұралының  арыз беру тәртібінің  мерзімін  өткізіп алғанын,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының«Теміржол көлігі туралы» заңына сәйкес, теміржол тұйығы жылжымайтын мүліккежататындықтан, ол   орналасқан жер телімін  бір-бірінен ажыратуға болмайтынын көрсетіп, талаптықанағаттандырудан бас тартады.  Кезектітекетірестен  жеңіліс тапқан «Жібек жолы»шаруа қожалығының басшысы О.Нұралы енді  Жамбыл облыстық сотына  шағымданады. Дауды қараған Жамбыл облыстықсотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотының талапкер шағым беру мүмкіндігінің мерзімін өткізіп алған  және теміржол тұйығы мен жер учаскесіне берілген құқықтарды бір-біріненажыратуға болмайды деген уәжін жоққа шығарады.

Судья Ж.Рүстембековтің  төрағалық жасауымен  қазылар  Г.Күлекеев және А.Акетаевтың қатысумен өткенсот мәжілісі  «Қазақстан темір жолы»республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жібек жолы» шаруа қожалығына  берген жерін тіркеу  2000 жылдың 1 қарашасынан  басталғанын, ал  «Транзит көмір» жауапкершілігі шектеулісеріктестігіне  жер берудің  2001 жылдың 1 қарашасынан  қолға алынып, сол жылдың 3 желтоқсаны күнітіркелгеніне  сілтеме жасап, талап беруші О.Нұралының  шағымын қанағаттандыруға басымдық берген. ЕгерҚазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және соныменжасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңының талаптарына сәйкес,жылжымайтын мүлікке құқықтар олар тіркелген сәттен бастап туындайды дегенталапты    негізге алсақ,  облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі соталқасының «Жібек жолы» шаруа қожалығына тиесілі жерді тіркеу 2000 жылдың 1қарашасынан басталған деген тұжырымы дәйексіз болып шығады және ол жоғарыдағы  заң талаптарына  мүлде   қарама-қайшы, қисыны келмейді. 

«Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалыныңмәліметтеріне сілтеме жасасақ,  «Транзиткөмір» ЖШС-нің көлемі 1,4287 га жер учаскесіне меншік құқығы мемлекеттіктіркеуге 2001 жылдың 25 желтоқсанында алынса,  «Жібек жолы» шаруа қожалығының көлемі 1,1240га жер учаскесіне меншік құқығы мемлекеттік тіркеуге тек 2003 жылғы 8 мамырдағана  алынған.  Мемлекеттік уәкілетті органның мәліметібойынша, көлемі  0,0337 га даулы жеручаскесі 2001 жылдың  25 желтоқсанында«Транзит көмір» ЖШС-нің атына тіркелген кезде  О.Нұралының атында  көршілес орналасқан  жер учаскесі болмаған, сол себепті де оныңталап арыз беруге  ешқандай  құқығы жоқ еді. Сондықтан қолында заңдықұжаттары бар  Р.Аманбеков облыстықсоттың мемлекеттік уәкілетті органдардың ресми мәліметтеріне сүйенудің орнынажете тексерілмеген деректерді басшылыққа алып  шығарған біржақты  шешімімен келіспейді. Енді ол  жоғарғы соттың  кассациялық алқасына шағым беруге мәжбүр болыпотыр. Біз де тараптар арасындағы тартысқа  жоғарғы  соттың кассациялық алқасы  әділ  нүктесін қояды деп үміттенеміз.

Елеусіз МҰРАТ    

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега