Әлеумет

"Тұлпар" мектебінде тазалықшы әйелдің қорланғанына қатысты жанжал жалғасып жатыр

"Айлығым – 125 мың теңге және балағат сөз айтпадым": тазалықшы әйел қоғам белсендісіне жүгінді

Фото скриншот

Ақтаудағы жекеменшік "Тұлпар" мектебінде тазалықшы әйелдің қорланғанына қатысты жанжал жалғасып жатыр. 26 жастағы қызметкер қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаевқа байланысқа шыққан.

Бұған дейін мектеп директоры жанжалға тазалықшы әйелдің өзі себеп болғанын айтып, заттардың жоғалуына қатысты да күмән келтірген еді.

Алайда әйел оқиғаның өз нұсқасын баяндауға шешім қабылдаған. Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше, тазалықшы айына шамамен 125 мың теңге жалақы алған. Ол жұмыс барысында бірнеше рет қорлық көргенін, жалақысы уақытында төленбегенін және еңбек құқықтары бұзылғанын айтқан. Сәрсенбаевтың мәліметінше, әйел бастапқыда камера алдында сөйлеуге келіспеген. Кейін өзіне қатысты айтылған айыптарға жауап беріп, басынан өткен жағдайды көпшілікке жеткізуді ұйғарған.

Еске салайық, бұған дейін тазалықшы әйелдің шелегін тепкен мектеп қызметкері жұмыстан босатылған еді. Сот оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салған. Қазір Азамат Сәрсенбаев әйелге тағылған айыптарды жеке тексеріп, оған заңгерлік көмек көрсетуді сұрап отыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: мектеп