Саясат

Тұңғыш президенттің ұлы қайтыс болды

Қырғызстанныңбірінші президенті Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды. Бұл ақпараттыэкс-президенттің туыстарына жақын дереккөздер хабарлады.

Jasalash.kz

Ақпанның 5-і күніРесей астанасы Мәскеу қаласында Айдар Ақаев көз жұмды. Жарияланған ақпараттарға қарағанда, ол жүрекұстамасынан бақилық болған.

1976 жылы дүниегекелген Айдар Ақаев 90-жылдардың аяғында сол кездегі Қазақстан президентіНұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаевамен некеде болған.

Айдар Ақаевөмірінің соңғы жылдары Мәскеу қаласында тұрған. Ол онда 2005 жылы болғанреволюциядан кейін қашып барған. Қырғызстанда Асқар Ақаев пен оның отбасынақылмыстық істер қозғалған.

Айдар Ақаев 2005жылға дейін Қырғызстанда олимпиада комитеті мен бокс федерациясының президенті,қаржы министрінің кеңесшісі, парламент депутаты қызметтерін атқарды.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега