Қоғам

Түркістан ет экспортынан бірінші орында

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері 2021 жылды жетістіктермен түйіндеп жатыр.

Jasalash.kz

Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығында 3,3 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жетті.

Сәрсенбіде Түркістандағы «Конгресс Холл» ғимаратында «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Алдымен Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жұртшылыққа осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша диқандар мен малшыларды, агросала өкілдерін Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.

–Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын қарсы алып отырмыз. Осы отыз жылда өңірімізде барлық көрсеткіштер еселеп өсті. Оның бірқатарына тоқталсам, «Тәуелсіздік» көпірі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралы, «Көксарай» су реттегіші елдің күрделі мәселелерін шешті. Бұрын көрші елдің шекарасынан өтуге мәжбүр болған жерлестеріміз «Тәуелсіздік» көпірі арқылы кедергісіз жол жүруге мүмкіндік алды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы жүздеген елді мекен газбен қамтылды. Импорттық газға тәуелділік азайып, өңірдің 60 пайызға жуығы газбен қамтылып отыр. Түркістан қаласы 100 пайыз газдандырылды. Елбасы Түркістанды Тәуелсіздіктің басты жеңістерінің бірі ретінде атап өтті. Шаһар 3 жылда өзгерді. Бұның бәрі – халықтың көз алдында жүзеге асқан, көзге көрінетін жобалар. Осы жетістікке Сіздер де үлес қосып жатырсыздар. Бірнеше жыл бұрын елімізге келген АҚШ өкілдері Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік өте зор екенін айтқан болатын. Шын мәнінде біз осы мүмкіндікті толық пайдалануымыз керек. Өңірде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мал тұқымын асылдандыру ісі жанданды,-деді өңір басшысы салтанатты жиында.

Айта кетері,  қазіргі уақытта ет экспорты бойынша Түркістан облысы бірінші орында тұр.  

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега