Қоғам

Түркістан облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалады күдікпен ер адам ұсталды

Түркістан облысында Шымкент тұрғынынан 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды.

Фото: полиция

Полицияның мәліметінше, күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны. Ол жәбірленушіні ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткен деген болжам бар.

Күдіктіні Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған.

Тінту кезінде ер адамның телефоны мен 5 млн теңге көлеміндегі ақша тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ.

Сайт Әкімшілігі