Саясат

Түркістан өңірінің зиялыларымен кездесуінде Бауыржан Байбек не айтты?

Еліміздіңоңтүстік өңіріне жасаған сапарының екінші күнінде Түркістан облысының бірқатар шалғайелдімекендерін аралап, әйгілі Отырарға ат басын тіреген «Nur Otan» партиясыТөрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының әкіміӨмірзақ Шөкеевпен бірге Отырар археологиялық қорық музейінде өңірдің елағаларымен және зиялы тұлғаларымен кездесті.

Jasalash.kz

Бас қосу барысында өңірдің жай-күйі, мәдениет, руханият,білім, туризм салалары, өнер мен тілдің ахуалы әңгіме арқауына айналып, келелікеңеске ұласты. Партия төрағасының Бірінші орынбасары жиналғандарға осысапарының мақсатына тоқталып, саяси ұйымның қолға алған істері мен алдағыжоспарлары жайында кеңінен әңгімеледі.

«Елбасының шешімімен Түркістан – түркі әлемінің руханиастанасы болып атанды. Күзде мұнда үлкен іс-шара өтіп, оған түркі елдерініңбасшылары келетін болады. Мұндай жиындар өңірге туристер тартуға да оң ықпалынтигізеді. Дұрыс ұйымдастырса, туризм саласында көп жұмыс орындарын ашуғаболады. Мұнда туризм жақсы дамып келеді. Арыстан-Бабқа келіп жатқан халықтыңсаны жыл сайын өсуде. Осыны дұрыс пайдалана білу керек.

Жалпы, руханиятсыз ел болмайды. Мәдениет, дәстүр, тіл,өнер секілді рухани құндылықтар — партиямыздың да басты басымдықтары. Саясиұйымымыз асыл өнеріміз — айтысты, жыр-термелерді, ұлттық спортты қолдап келеді.Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осығанбағытталған. Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық кодымызды  сақтап, мәдениетімізді, дәстүріміздінасихаттап, басқа озық елдердің жақсы жақтарын игеру арқылы өзгеру. Осыған орайбиыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өткелі жатырмыз.Осынау Отырар – данышпан бабамыз әл-Фарабидің кіндік қаны тамған жері. Кейде әлеуметтікжелілерде қаражат бөліп, неге мерейтойларды тойлай береміз деген пікірлерұшырасып қалады.Ұлы бабаларымызды қадірлеп, мұрасын ұрпаққа таныстырмасақ, қалайел боламыз. Кемеңгер Абай көздеген мұратқа ұмтылу, сілтеген жолын ұстану,сынаған кемшіліктерден арылу — баршамызға ортақ парыз», — деді Бауыржан Байбек. 

Емен-жарқын сұхбат барысында зиялылар да өзұсыныс-тілектері мен ойларын бүкпесіз ортаға салды. Белгілі жазушы МархабатБайғұт партия айтыспен қатар көркем әдебиетке де көбірек көңіл бөліп, осы кезгедейін іске асырыла бастаған «Бір ел – бір кітап» деген акцияны партиялықбақылауға алып, оны қайта жандандыру арқылы аясын кеңейтуді ұсынды. Соныменбірге жаңадан облыс орталығы болып отырған қасиетті Түркістанды, адамзаттыңалтын бесігі болған Қазығұртты әртүрлі әдеби-мәдени шаралар арқылы насихаттау,«Түркістанның тай қазаны – түркілердің ой қазаны» деген тақырыппен сана сапасынарттыратын жақсы кітаптарға, жақсы драмалық шығармаларға, басқа дамәдени-рухани дүниелерге байқаулар, конкурстар ұйымдастырса деген тілегін дежеткізді. Ал осы өңірдің түлегі, әйгілі айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова «NurOtan» партиясының айтысқа бет бұрып, қолдап жатқанына ризашылығын білдіріп, оныөрістете беру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, кездесуде өңірдегі мектептердіңжетіспеушілігі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, суицид секілді жұртшылықтытолғандырған түйткілді жәйттер де сөз болып, олардың алдын алу шараларыталқыланды. «Nur Otan» партиясының доктринасында да жастар мен ұрпақ тәрбиесінеерекше маңыз берілген.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега