Өңір

Түркістанда індет жұқтырғандардың саны артты

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырғаннауқастардың саны екі адамға артты.

Jasalash.kz

Осылайшаөңірде қауіпті ауру 25 адамнан анықталып отыр. Түркістан облыстық әкімдігібаспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс қаласы Наурыз ауылында тұратын 2015 жылытуған сәби вирусты анасынан жұқтырған. Ал анасының  Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы пойызбенкелген әйелмен байланыста болғаны анықталып отыр. Тағы бір науқас Жетісайқаласының 1984 жылы туған тұрғыны. Вирус оның ағзасынан скиринг жасау барысындатабылған.  Науқастардың қазіргі жағдайықанағаттанарлық.  Олар оқшауланып, емқабылдап жатыр.

Облыста коронавирус Жетісай ауданында-13, Кентауқаласында-2, Арыс қаласында-2,  Ордабасыауданында-1, Сарыағаш ауданында-1, Мақтаарал ауданында-4, Сайрам ауданында-2адамнан анықталып отыр.

Бүгін сондай-ақ, Шымкент қаласында індетті жұқтырған 1964 жылы туған науқас қайтысболды.   

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,  

Шымкент

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега