Түркістанда коммуналдық қызметтерді өтеуге өтініш беруге арналған бот іске қосылды
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысындакоммуналдық қызметтер үшін төлемдер өтелетін болады.
Төлемдерді өтеу келесісанаттарға жататын азаматтарда немесе онымен бірге тұратын оның отбасымүшелерінде коммуналдық қызметтердің дербес шоттары болған жағдайда, карантиненгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асырады. Төмендегі санаттарғажататын азаматтар өтініш берген коммуналдық қызметтерді жеткізушімен шартосы отбасы мүшелерінің бірінің атында болуы тиіс. Атап айтқанда, 1, 2 және 3топтағы мүгедектер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және ҰлыОтан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедекбалаларды тәрбиелеушi отбасылар; көпбалалы отбасылар; ең төмен және аззейнетақы алатын зейнеткерлер; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiнорындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде,адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтысболған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оныңішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады.
Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу үшінтұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) «Telegram» мессенджері арқылы«SmartTurkistanBot» боты арқылы немесе аудандар мен қалалардағы call-орталықтарарқылы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және коммуналдыққызмет бойынша дербес шотының деректерін ұсына отырып, өтініш бере алады.
Жоғарыдағы аталған санаттарға жататын тұтынушыларға 15 мың теңгеден 2 ай(сәуір, мамыр) мерзімі үшін төлем жүргізілетін болады. Аталған көмекті алуғаөтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданатын болады.
Айта кетейік, Telegram мессенджерінде бот табу үшін іздеу жолында@SmartTurkistanBot теріп, «Бас мәзір» батырмасын басу қажет. Бұл қызметхалықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына ғана ұсынылады.