Саясат

Түркістанды Шөкеевтің кеңесшілері билейді

«Жас Алаштың»электронды поштасына Түркістан облысынан хат түсті. Соңына А.Боранбаев дегенавтордың аты-жөні жазылыпты.

Jasalash.kz

Хат иесі шамасы облыстық әкімдіктің ішкі «асханасында»жүрген сияқты. Әйтпесе, дәл қазір облыстың әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ облыстықалай билеп-төстеп жатқанын, өзінің ықпалын кім арқылы жүргізіп отырғанын соләкімдіктің ішінде жүргендер болмаса қарапайым жұрт қайдан білсін?!

Соныменен Боранбаев не дейді? Хатты өзгеріссізназарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Кейінгі кездері әкімдердің командасымен көшіп жүруі, жергіліктімамандарды көзге ілмеуі, әкімнің ең сенімді деген кадрларының  қотыр қожайындық жасауы әдетке айналып баражатқан сияқты. Түркістан облысының әкімі қызметіне биыл ақпанда тағайындалғанӨмірзақ Шөкеев туралы да соңғы уақытта осындай  әңгімелердің көбейіп бара жатқаны рас.

Жоқ, командалық әдіспен жұмыс істеу Шөкеевтің кезіндепайда болған әдет емес. Ол оған дейін де бар еді. Облысты басқарған Асқар МЫРЗАХМЕТОВТЫҢтұсында әкімнің соңынан сонау елшіліктен бері ілесіп келе жатқан Ләззат СМАҒҰЛОВАтуралы, дәлірегі оның лауазымы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болғанымен,билігі аудан, қала әкімдерін тік тұрғызатын деңгейде екендігі көп айтылатын.  Мырзахметовтың командасына кейінірек келіпқосылған Берік УӘЛИДІҢ де қызметі кішкентай болғанымен, ықпалының үлкенболғандығы жасырын емес еді.

Мырзахметовтен кейін әкімі болған Бейбіт АТАМҚҰЛОВТЫҢтұсында  аппаратта қотыр қожайындаркөбейді. Облыстағы мәселені әкімнің орынбасарлары немесе аппарат басшысыемес,  Атамқұлов аттай қалап алып келгенаппарат басшысының орынбасарлары, «болашақтықтар» Әсет БАЙСЫНОВ пен НұрланКЕҢЕСОВ шешіп жүрді. Тағы бір «зам аппарат» Ақберен ЕЛГЕЗЕК деген ақын азаматтыңайтқаны, сол кездері облыс әкімінің орынбасарларынан асып түспесе, кемтүспейтін. Келген сол кадрлардың ешқайсысы да «менің тәжірибем аз, жасым кішінемесе қызметім төмен» деген жоқ. «Әр патшаның бір сұрқылтайы болады» деген расқой.  Атамқұловтан кейін әкім Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВТЫҢда тұсында осындай Нұрболат  НАРЖАНОВ, СаттарМӘЖИТОВ деген сұрқылтайлар жүрді.

Шөкеевтің де өзіне дейінгі әкімдерден әулие еместігі белгіліболып қалды. Облыс әкімінің  бұған дейінауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарғаны белгілі. Сол министрліктеШөкеевтің бірінші орынбасары болып істеген Арман ЕВНИЕВ енді Түркістан облыстықәкімдігінен төбе көрсетті. Дәл қазір оның не қызмет атқаратынын көпшілікбілмейді (естумізше ол ситуациялық орталық дей ме әлде жобалық кеңсе дей ме,сондай бір мекемеге бастық көрінеді).  Бірақоның қызметі облыс әкімінің бірінші орынбасары емес екені айдан анық, бірақжүріс-тұрысы, істеген тірлігіне қарасаңыз, бірінші орынбасардан кем емес. Аудан,қала әкімдерінің бәрі Евниевтің алдында елпеңдеп тұрады. Шөкеев ауылшаруашылығыминистрі болып тұрған кезде кеңесшісі қызметін атқарған Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ қазіроблыстағы идеологияға қатысты жұмыстардың бәрін шырқ үйіріп жүр деген әңгімеөршіп тұр.  Басқарма басшыларына, аудан,қала әкімдеріне, облыс әкімінің орынбасарларына дейін  тапсырманы үйіп-төгіп беретін сол жігіттің Түркістандағыресми қызметі де — облыс әкімінің кеңесшісі. Тағы бір кеңесші Ұлан ТӘЖІБАЕВӨмірзақ Шөкеевтің ертеден келе жатқан ең сенімді кадрларының бірі саналады.Шөкеев Түркістанға келгеннен кейін Тәжібаев та сол баяғыша сенімге селкеутүсірместен Түркістанға ат ауыстырды. Бірақ басшы емес кеңесші билеген әкімдікте береке бола ма? ОсындайдаШөкеев сенімді кадрларын бүйтіп қор қылғанша неге бірден басшы етіп тағайындайсалмайды деп ойлайсың.  Арман Евниевтібірінші орынбасар, Сәкен Қалқамановты идеология саласына бақылау жасайтынорынбасар немесе басқарма басшысы етіп бекітіп, у-шусыз, артық әңгімесізтірлігін неге істей бермейді? Бұл сонда алдау ма? Кімді алдау? Өзін Түркістаноблысының әкімі етіп тағайындаған президентті ме, әлде халықты ма? 

Облыс әкімдігіндегі барлық маңызды мәселелер жоғарыдааты аталған жобалық кеңседе қабылданатын көрінеді. Жоғарыда есімдері аталғаншенеуніктер осы кеңседе отырып, мәселені талқылай салады, облыс әкімініңорынбасары Жолдымұрат АМАНБАЕВ осы ат төбеліндей топтың  айтқанымен бюджетке қатысты шешімдері қабылдайбереді. Соңғы уақытта  ат төбеліндейтаңдаулы топтың құрамына Әлия ШАЛҚАРОВА деген азамат қосылған. Білуімізше, олқазіргі уақытта Шымкент қалалық мәдениет және тілдері дамыту басқармасыныңбасшысы. Шымкенттегі басқарма басшысының Түркістан облысы әкімінің аппаратындане істеп жүргенін кім білсін?! Бірақ жақын күндері ол облыстағы бір басқарманыңтізгінін ұстайды деген мәлімет бар.

Ал сонда әкімдікте түк салмағы жоқ, ешкімге сөзіөтпейтін орынбасарлар, бөлім басшылары енді не істейді? Шөкеев оларды не ақысыздемалысқа жіберсін, не қызметтен босатсын.   

А. Боранбаев, Түркістан облысы

Фото: qamshy.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега