Саясат

Түркістандық шенеуніктер Ақорданың тапсырмасына құлақ аспайды

Түркістан облыстық адами әлеуеттідамыту басқармасы президент әкімшілігінің тапсырмасына құлақ аспайды.

Jasalash.kz

Басқармабілім министрлігінің нұсқауларын ғана орындайды. Оны облыстағы білім саласынабақылау жасайтын шенеуніктер айтады.

Түркістандық шенеуніктер Ақорданың тапсырмасына құлақ аспайды

Ұстаздардың айтуынша, жаңа басшылық ұжымда жаңашатәртіп орнатқан. Оқытушыларда тыным жоқ. Тексеруден тексеру. Жаңа директорБауыржан Қожатай біраз кадрды жұмыстан шығарып, олардың орнына білім саласына қатысыжоқ азаматтарды әкеле бастаған.

–Тіпті кешкі сағат бестен кейін де шақырып,жиналыс өткізеді. Түскі ас ішуге де уақыт қалмай барады, – деді ұстаздардыңбірі. Ал аға шебер Мұхтар Әбдіқұловтың айтуынша, жаңа басшылар цехтарды жүргізіп,ақша табуды тапсырыпты. Олардың тіпті оқу орнының асханасы мен спортзалын жалғаберіп, қосымша кіріс көздерін іздеуді де жоспарлаған көрінеді.    Алайда жиын барысында «Dalaconstruction.kz» компаниясынан келген өкіл Берік Кенжебаев ұстаздардың айтқандарыменкеліспей, ешкімді қудаламағандарын, қазіргі уақытта мекемеде аудиторлық тексерулержүріп жатқанын, алдағы уақытта көпшілікті компанияның колледжге қатыстыстратегиялық жобаларымен таныстыратынын алға тартты.

Айта кетері, аталған оқу орны 2018 жылы «Жыл колледжі»номинациясының иегері атанған. Былтыр «Жас маман» мемлекеттік бағдарламасына қатысып,318 миллион теңгенің грантын ұтып алған. Аталған бағдарлама оқу орындарын қайтажаңғыртуды, материалдық базасын жақсартуды,  халықаралық тәжірибелерді енгізуді мақсат тұтады.«Жас маман» бағдарламасына қатысушы оқу орнын сенімгерлік басқаруға беругеболмайды.  

–Былтыр қарашада білім және ғылымвице-министрі  Ш.Каринованың облыс әкімдерінежолдаған хатында президент әкімшілігі басшысының 2019 жылдың 14 қыркүйектегітапсырмасына сәйкес, «Жас маман» жобасына қатысатын  колледждердің сенімгерлік басқаруғаберілмейтіні атап көрсетілген. Алайда облыс басшылары осы хатқа қарамастан, Түркістаниндустриалды-құрылыс колледжін   «Dalaconstruction.kz» серіктестігіне беріп жіберді, – дейді колледж директорының тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Ерғазы.

Ұстаздардың талап-тілегін тыңдауға арнайы келген облыстықадами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Рахия Асанова енді кәсіпкердіңжұмысына кедергі келтіруге болмайтынын айтып отыр. Алты айдан кейін жаңабасшылықтың есебі тыңдалады. Егер олар келісімде көрсетілген талаптардыорындамаса, заң орындарына жүгінеді екен. Басқарманың қолынан келетіні осы ғана.  Р.Асанова  «Жас маман» жобасына қатысушы оқу орындарынсенімгерлік басқаруға беруге болмайды» деген президент әкімшілігі басшысыныңтапсырмасы нормативтік-құқықтық құжат болып табылмайтынын алға тартты.

–Оқу орындарын сенімгерлік басқаруға беру  білім және ғылым  министрлігінің қағидасы арқылы жүргізіледі. Қағидада «Жас маман» жобасына қатысушы оқуорындарын сенімгерлік басқаруға беруге болмайды» деген сөз жоқ, – дедіР.Асанова.  Білім және ғылымвице-министрі «Жас маман» бағдарламасына қатысушы оқу орындарын сенімгерлік басқаруғаберуге болмайды деген Ақорданың тапсырмасын басшылыққа алуды ескертіп, облысбасшыларына арнайы хат жолдайды. Ал басқарма мұны нормативтік-құқықтық құжатемес дейді. Сонда бұл не? Салғырттық па, әлде кейінгі кездері көп айтылып жүргенқос биліктің салқыны ма?   

Материалдық базасы жақсы Түркістан индустриалды-құрылыс колледжін сенімгерлік басқаруға беру мәселесіосыдан екі апта бұрын  облыстық мәслихаттыңтұрақты комиссиясында қаралған болатын. Депутаттар алдында сөз алған облыстықадами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев Болатбек Әлиевтіңколледж директорын, оқу ісі бойынша орынбасарын жұмыстан босатып жіберіп,олардың орнына біліктілігі сәйкес келмейтін мамандарын алып келгенін мәлім етті.

– Б.Әлиев «менің шопырым 300 мың теңге, көмекшім400 мың алады, 80 мыңға мұғалім қандай білім береді?» дейді. «Сондай жалақыберіңіз, оқытсын» десек, «Онда мен білім алушылардың жартысын шығарамын. Оқытушылардыңда жартысын босатамын. Соның есебінен үнемдеп жалақысын көтеремін» деп отыр. Сөйтіп,бюджетті үнемдеп дамытбақ. Сондай конфликт болып, айқай-шумен жүріп келістік. Бәрінтүсіндіріп айттық. Сосын білім саласын түсінетін бір-екі маманды жұмысқа шақырды,– деген еді облыстың бас ұстазы.   Жиындаоблыстық мәслихаттың депутаты Үмбет Жүсіпбаев:

–Жекеге басқаруға өткізбес бұрын, кімге берудібілу керек. Бөкеңнің облыс әкімінің орынбасары болғанында (Болатбек Әлиев –ред.) жұмыс істеу тәсілін білеміз ғой. Ондайларға бермеу керек. Не керегі бар,белден баса беретін болса?! Қайтып алу керек, – деді.

Алайда кәсіпкер мен басқарма келіскенімен, жаңабасшылық пен колледж ұстаздары ымыраға келе алмайтын сияқты. Әу баста  ұстаздардың қарсылығына қарамастан,сенімгерлік басқаруға беріліп кеткен колледжді басқарма енді қалай қайтарыпалары белгісіз. Айта кетері, Болатбек Әлиев осыдан бірнеше жыл бұрын, АсқарМырзахметовтің тұсында облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылыоблыста орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты  қылмыстық істерден кейін ол қызметінен кеткенеді. Содан бергі аралықта ол бизнеспен айналысады. 

Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде бүгінде1000-нан астам студент оқиды.  Жылына450-ге жуық бала диплом алады. Колледжді компанияға сенімгерлік басқаруғаберудегі мақсат серіктестіктің өндірістік базасында студенттердің тәжірибесінжетілдіру, бітірген мамандарды жұмыспен қамту көрінеді. Алайда жаңа жылданбергі аралықтағы екі айда студенттер «Dala construction.kz» серіктестігініңбазасында ешқандай өндірістік тәжірибеден өтпеген. Ертең оқу бітірген жастардыңмұнда жұмыспен қамтылуы да күмән тудырады. Сонда бұдан кім ұтып, кім ұтылады?

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега