Аймақ

Түркістанның екі тұрғыны мемлекетті 7 миллиард теңгеге алдаған

Түркістан облысының екі тұрғыны мемлекетті 7 миллиардқа алдаған, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Jasalash.kz

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, олар жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жүзеге асырған.

2017-2019 жылдар аралығында Түркістан облысының екі тұрғыны «Фаворит Инвест Строй», «Азия-Тех» және «Таңшолпан-Нұр» ЖШС-ін үшінші тұлғаларға тіркеп, нақты жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазылған.

Жетісай аудандық сотының үкімі бойынша, екі айыпталушы да бес жарым жылға және үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега