Қоғам

Түркия АҚШ-пен келісімге келіп, Ресей дизелінің бір бөлігін сатып алатын болды

Бұл туралы Түркияның энергетика министрі Алпарслан Байрактардың мәлімдемесіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Түркия Ресей экспорттайтын дизель отынының бір бөлігін Мәскеу мен Вашингтон арасындағы келісім аясында сатып алмақ.

Министрдің айтуынша, бұл келісім Түркияның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды. Өйткені ел дизель отынын жеткізу мәселесінде Ресейге ішінара тәуелді.

"Ресей соңғы айларда осы мәселеге тап болғаннан кейін дизель отынының экспортына шектеу енгізді. Енді олар Трамппен дизель отыны жөнінде келісімге келді. Біз жүргізген келіссөздердің нәтижесінде осы отынның бір бөлігін Түркия алады", – деді Байрактар.

Алайда министр жеткізілетін дизель отынының нақты көлемі мен оның қашан жеткізілетінін айтпады.

Сайт Әкімшілігі