Қоғам

Түркия мектеп оқулықтарында Орталық Азияны енді «Түркістан» деп атайды

Түркия жаңа мектеп оқулықтарында Орталық Азия атауын «Түркістан» деп өзгертті.

Фото: ашық дереккөз

Билік бұл қадамның мақсаты ұлттық тарихи жадты күшейту және сырттан енген терминдерді қайта қарау екенін мәлімдеді.

Жаңартылған оқулықтарда бірқатар тарихи атаулар мен ұғымдар да өзгертілген:

Эгей теңізі – Аралдар теңізі;

«Крест жорықтары» – «Крестоностардың шабуылдары»;

«Географиялық ашылулар» – «Отарлау саясаты»;

«Армян мәселесі» – «Арменияның негізсіз талаптары».

Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текин бұл өзгерістер түркітілдес халықтардың тарихи байланысын нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын айтты.

Сайт Әкімшілігі