Саясат

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі: қаза болғандар саны 4 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 4 мыңнан асты. Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезар Anadolu агенттігіне Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2921-ге жеткенін, тағы 15834 адам жарақат алғанын айтты.

Jasalash.kz

Бұған дейін Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адамның тірідей шығарылғанын хабарлаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега