Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан бірлескен қорғаныс туралы келісімге қол қойды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан басшылары үшжақты қорғаныс келісіміне ресми түрде қол қойды. Құжат «Мекке келісімі» деп аталды.
Келісім үш ел арасындағы әскери-саяси ынтымақтастықтың жаңа тетігін қалыптастырып, ұжымдық қауіпсіздікті, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды және өңірлік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
Құжаттың негізгі тармақтарының бірі - ұжымдық қорғаныс қағидаты. Яғни үш мемлекеттің біріне жасалған қарулы шабуыл келісімге қатысушы өзге елдерге де жасалған шабуыл ретінде қарастырылады.
Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, келісім аймақта және одан тыс жерлерде бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ ол үш елдің әскери-саяси ынтымақтастығын кеңейтуге негіз болады.
Осылайша Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан ұжымдық қауіпсіздікті күшейтіп, қорғаныс саласындағы серіктестікті тереңдетуге ниетті екенін көрсетті.