Қоғам

Түркияда демалып жүрген қазақстандық әйел белгісіз ер адамнан зорлық көргенін мәлімдеді

Түркияның Аланья қаласында демалып жүрген Қазақстан азаматы өзін зорлап, ұялы телефонын тартып алғаны туралы полицияға арыз түсірді.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 16 шілдеге қараған түні болған. Әйел күдіктімен танысып, кейін екеуі бірге қонақүйге барған. Біраз уақыттан кейін ер адам қонақүйден кетіп қалған.

Жәбірленуші полицияға жүгініп, өзіне күш көрсетілгенін және телефонының жоғалғанын хабарлаған.

Түркия полициясы күдікті ретінде 24 жастағы Сирия азаматын ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Сайт Әкімшілігі