Саясат

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі үйінді астынан табылды

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі үйінді астынан табылды, деп хабарлайды Жас Алаш ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Jasalash.kz

«10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті», — делінген хабарламада.

Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді.

Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега