Әлеумет

Түркістан облысында 4 жастағы қыз баланы шибөрі талаған

Оқиға 26 сәуір күні Шілік ауылында тіркелген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жыртқыш аң бүлдіршінге тап беріп, оны бірнеше жерінен тістеп жарақаттаған.

әлеуметтік желіден

Қауіпті жағдайды байқаған ауыл тұрғындарының бірі көмекке ұмтылғанымен, шибөрі оған да шабуыл жасап, қолынан тістеп үлгерген. Кейін тағы бір тұрғын аңды тоқтатпақ болғанда, ол да жарақат алған.

Соңында үшінші азамат батылдық танытып, шибөріні ұрып өлтірген. Кейін жыртқыштың денесі ветеринар мамандарға тапсырылған.

Салдарынан қыз бала үш жерінен жарақат алып, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал зардап шеккен екі ересек адамға амбулаториялық көмек көрсетілген.

Сайт Әкімшілігі