Оқиғалар

Түркістан облысында бір жасар қыз бала дәретхана шұңқырына құлап кетті

112 пультіне Түркістан облысының Темірлан ауылында 2025 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы дала әжетханасына құлап кетіп, өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түсті.

Фото: ТЖМ

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жеткен.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қыз баланы шұңқырдан шығарып, дәрігерлерге тапсырды. 

Сонымен қатар баланың өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақаттар анықталмаған. 

Сайт Әкімшілігі