Оқиғалар

Түркістан облысында ер адам көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген

Түркістан облысының аумағында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарғанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Полиция

Жүргізілген тексеру нәтижесінде Toyota автокөлігінің тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны белгілі болды.

Анықталғандай, оның әкесі ұлының жүргізуші куәлігі жоқ екенін біле тұра, автокөлікті басқаруға рұқсат беріп, дүкенге жіберген.

Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге және оның заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Сайт Әкімшілігі