Түркістан облысында ер адамды өлтірді деген күдікпен оқушы қыз ұсталды
Түркістан облысының Леңгір қаласында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Шымкент қаласының тұрғыны болған.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде 9-сынып оқушысын ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Білім бөлімінің мәліметінше, қайғылы жағдай оқу орнынан тыс жерде және демалыс күні болған. Сондай-ақ күдікке ілінген оқушының жуырда ғана басқа мектептен ауысып келгені белгілі болды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.