Әлеумет

Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар су арналары мемлекет меншігіне қайтарылды

Сайрам ауданының прокуратурасы стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым объектілерінің мемлекеттік меншігін қорғауға және қайтаруға бағытталған қадағалау қызметін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.

Фото: ашық дереккөз

Қадағалау іс-шаралары барысында аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын, 243 мыңнан астам тұрғынды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар 10 су каналы мемлекеттік меншікке ресімделмегені анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларымен гидротехникалық құрылыстар мемлекеттік меншікке қайтарылды. Аталған объектілердің мемлекеттік меншікте болмауы оларды тиімді басқару мен күтіп-ұстауға, сондай-ақ халықты және ауыл шаруашылығы жерлерін сумен тұрақты қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізуі мүмкін еді. Осыған байланысты прокуратура бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.  

Сайт Әкімшілігі