Өңір

Түркістан облысында цемент зауытында жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты

Түркістан облысында орналасқан цемент зауытында жарылыс болып, 52 жастағы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: из открытых источников

Оқиға Түлкібас ауданына қарасты Састөбе елді мекенінде орналасқан цемент зауытында болған.

«Екі науқастың денесін 100 пайыз күйік шалған. Ал, үшінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген. Ауруханаға өте ауыр жағдайда келді. 1971 жылғы науқас қайтыс болды. Қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Медициналық көмектер жан-жақты көрсетілуде», - деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлы.

 

Т. РАУШАНҰЛЫ