Әлеумет

Түркістан облысында түнгі жол апатынан жеті адам қаза тапты

Түркістан облысында түнде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам көз жұмды. Оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Фото: ашық дерекккөз

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, түнгі уақытта Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соғысқан.

Жол апаты салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза тапқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның солтүстігінде болған ауыр жол апатынан балаларды қоса алғанда сегіз адам зардап шеккен еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты