Түркістан облысының тұрғыны туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістан облысында ер адам туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Күдіктінің мүгедектігі бар екені хабарланды.
Қылмыс Түлкібас ауданында болған. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, егде жастағы әйел өз үйінен пышақ жарақатымен табылған.
Оны өлтірді деген күдікке 40 жастағы ұлы ілінді. Қылмыстың себептері әзірге белгісіз.
«Түлкібас ауданы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Шардара ауданында әкесін жүйелі түрде азаптап, соның салдарынан оның өліміне себеп болған ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны азаптау және денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру баптары бойынша кінәлі деп таныған.