Қоғам

Түркістанда журналистің көлігін белгісіз адам айдап кеткен

Түркістан қалалық полиция басқармасына журналист Айгерім Айтаханова жүгініп, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлікті белгісіз біреу заңсыз айдап кеткені туралы арызданды.

Фото: полиция

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиға орны мұқият тексеріліп, қаладағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлікті заңсыз айдап кеткен күдікті бірнеше сағат ішінде анықталды. Ол жұмыссыз, Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта автокөлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Сайт Әкімшілігі