Қоғам

Тұрлыхановтардың дәстүрі: депутаттың жиені тағы да сотқа тартылды

Мәжіліс депутатының жиені Рахат Тұрлыханов жақынына қол жұмсады деген күдікпен сотқа тартылды. Оның кімге қол көтергені әлі нақтыланбаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді.

“Енді ол жаңа қылмысы үшін тағы да сотталады. Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергенін әлі білмеймін. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73-2-бабының 1-1-тармағында туысқанының денесін зақымдағаны үшін жаза қарастырылған. Әнші бұл жолы тағы да жас әйеліне қол жұмсаған секілді. Әйелдерді ұрып-соғу Тұрлыхановтар үшін отбасылық дәстүрге айналғанын атап өткім келеді”, – деп жазды журналист.

Ол сөзіне дәлел ретінде бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың үлкен ұлы мен ортаншы ұлының қыздарға қол көтерген видеосының желіде тарағанын келтіреді.

Сайт Әкімшілігі