Қоғам

Түрмеде отырған Бишімбаевтың жағдайы белгілі болды

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың түрмедегі өмірі туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Министр мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бишімбаев ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.

"Іс аяқталды. Қазір материалдармен танысу жүріп жатыр. Содан кейін сотқа жіберіледі. Оның процесі мынадай: зардап шегуші де, күдікті тарап та танысады. Меніңше, процесс аяқталып қалды. Тергеу толығымен аяқталды. Іспен танысып болғаннан кейін прокуратураға жібереміз", - деді.


Түрмеде отырған Бишімбаевтың жағдайын да атап өтті.

"Барлығына бірдей жағдай жасалған. Ол тұтқынға алынды. Сондықтан жалпы негізде, өзгелермен бірге отыр. Денсаулығында бәрі дұрыс", - деді Ерлан Сәденов.
Сайт Әкімшілігі