Қоғам

Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне тағы 50 пәтер сыйлады

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында қызметкерлерге 50 пәтер сыйлады.

instagram.com/BayanMaxatkyzy

Жаңалықты әлеуметтік желіде продюсер Баян Алагөзова бөлісіп, қуанышын жеткізді.

Ол жазбасында: «Шымкент сыра зауыты қызметкерлеріне тағы 50 пәтер – аңызға айналған кәсіпорынның 50 жылдығына орай! Сенімен мақтанамын», – деп атап өткен.

Айта кетейік, бұған дейін де кәсіпкер қызметкерлеріне Алматы қаласынан 100 пәтер сыйлаған болатын.

Сайт Әкімшілігі