Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

–Қазақ халқының мақтанышына айналған «Жас Алаш» 100 жылға қадам басып жатыр.Басылымды кезінде небір мықты тұлғалар басқарды.

Jasalash.kz

Сіз бас редактор қызметін қазақжурналистикасының хас шебері атанған, газетті  16 жыл басқарған Сейдахмет Бердіқұловтан  қабылдап алдыңыз, сол кезде қандай сезімдеболдыңыз?  Шерағаңның шекпенінен шыққан,Сейдағаңның тәлімін алған ұжыммен жұмыс істеу қиын болған жоқ па?

– «Лениншіл жаста» жұмыс істеу кім-кімге де арманболатын. Бұл газетке университет бітірген бойда жұмысқа тұруға жүрексінетінбіз.«Лениншіл жас» – ешқашан тамыр-таныстықпен, жегжаттықпен  ешкім басын сұға алмаған газет. Газеттіңмықтылығы да сонда деп ойлаймын. Аты мәлім, қаламы ұшқыр, ойы жедел адамдаркеліп қызмет етті. Мұның өзі басылым беделінің бір көрсеткіші деп білемін.

Университетті бітірген жылы «Лениншіл жасқа»ұмтыла қоймағаным да содан болса керек. Әуелгіде Алматы облыстық «Жетісу»газетінде алты айдан аса тегін жұмыс істедім. Жетінші айда жұмысқа қабылдады, бұлұжымда табан аудармай жеті жыл қызмет еттім.  Газеттің «Жас түлек» жастар бетін шыға­ружүктелді.

«Жетісу» газеті – менің журналистикадағы   университетім. Журналист ретінде қалыптасуымаықпал еткен  қарашаңырақ. Облыстық газетте  жүргенде аспирантурада сырттай бөлімде оқыдым.  ПрофессорБейсенбай Кенже­баев­тың жетекшілігімен кан­дидат­тық диссертациямды жазыпжүргенмін. Қорғауға екі апта қалғанда Қазақстан комсомолының орталық комитетінежұмысқа шақырды. Бұл мен күтпеген шақыру еді. Себебі мен алдыма ғылымнан басқамақсат қойған жоқ едім, бар арманым – ғылыми жұмысымды қорғап,  университетте сабақ беру. Сондықтан сыпайытүрде бас тарттым.  Бір күні СейдахметБердіқұлов шақырып жатыр дейді. «Жұмысқа шақырса бармапсың, адам деген еңболмаса өз аяғымен барып, жағдайын айтып шықпай ма екен?» деді. Содан ағаныңақылымен Қазақстан комсомолының орталық комитетінің бірінші хатшысы  Қуаныш Сұлтановқа бардым. Ат шаптырымдай кабинетісұсты көрінеді екен, екеуміз қысқа әрі түрегеп тұрып сөйлестік. «Адам бағынсынап көрмей ме екен? – деді Қ.Сұлтанов. – Комсомолдың орталық  комитетінен қайтадан журналист болмасауниверситеттің мұғалімі болып кете алмаймын деп ойлайсың ба? Қазір бұйрыққа қолқоямын, ертең жұмысқа шық». Ешқандай уәж айта алмадым. Басымды изеп шығыпкеттім. Бұл өмірімдегі күрт өзгеріс болды.  Көп ұзамай Қазақстан комсомолы орталық комитеті баспасөз секторының меңгерушісі болыптағайындалдым.

Одан кейін  «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторыболдым. Мұнда да  жеті жыл қызмет еттім.  Сейдағаң 1986 жылы желтоқсанның 13-інде«Жалын» баспасына ауысты. Қазақстан комсомолы орталық комитеті мені «Лениншілжастың» бас ре­дак­торы қызметіне ұсынды. Алматыда құжаттарымды қолыма ұстатып,мені Мәскеуге жөнелтті. Келісімді Мәскеудегі БЛКЖО орталық комитетінің бюросы беруікерек екен. Ол жақта әңгімелесу болды. Келісім берген-бермегенін айтпады. СоданАлматыға ұштым, ұшақта отырғандардың бәрі сұрланып алғандай. Олардың бәрі Желтоқсаноқиғасына байланысты  келе жатқандар екенғой.

Мені желтоқсанның 22-сі күніұжымға таныстырды. Желтоқсан көтерілісінен кейін газеттегі қым-қуыт шаруаға ара­ласыпкету оңай бола қойған жоқ. Ұжым да құшақ жая қарсы алды дей алмаймын, олтүсінікті де еді.  

Желтоқсанкөтерілісіне қатысушыларды қаралау туралы тапсырма түсті ме? Басылым қандайұстанымда болды? Біз  «Жас Алаш» солкезде цензураға қарамайтын дегенді естиміз. Жастар газеті жастық албырттығынкөрсете алды ма?

— Комсомолдың органы болған соң,ондай тапсырманың келмеуі мүмкін түсінікті еді. Әлі есімде, Желтоқсаноқиғасының ызғары басыла қоймаған кез, партияның орталық комитетінен қазақтың атақты режиссері Асқар Тоқпановты Желтоқсандыұйымдастырушылардың бірі ретінде жамандап жазыңдар деген тапсырма берілді. Алоны қалай орындайсың? Қатты қиналдым, газеттің мәдениет бөлімінің меңгерушісі  Өтеген Оралбаев деген   мықтыақын, журналист жұмыс істеді. Шақырып алдым да, «әй, Өтеш, мына қиындықтанқалай шығамыз?» дедім. Ақылдаса келе, мұның барлығы комсомол ұйымы жұмысыныңнашарлап кетуінен болды дегенге келтіріп жазатын болдық. Өтеген жазды. Жарияладық.Екі-үш күн өткен соң, редакцияға Асқар Тоқпанов келді. Ағамызды өмірде көргенмін,дастархандас  болғанмын, ашуы келгендетаяғымен артистерін ұрып жібереді екен дегенді  естігеніміз бар,  енді не болса да, басқа түскенді көрерміз деп,жонымызды тосып дайын тұрмыз.  Ал ағаесіктен кірген бетте «айналайын, айналайын» деп, бізді ұрудың орнына  құшақтап жатыр. Қиын жағдайдан шығатын жолтапқанымызға біз Өтеш екеуміз ырза болдық. «Ырзамын!» – деп, Асқар Тоқпановағамыз да батасын беріп кетті.  

«Ленинская смена» газетін басқарған СергейПодгорбунский сол жылдары орталық партия комитетінің сектор меңгерушісі болып тағайындалған.Телефон шалды, «бір материал жібердім, бір журналистің атын қойып жарияларсыңдар»деді. Тақырыбы – «Ржавщина», қазақша – «Тат». Ол  Шона Смаханұлы мен Ақселеу Сейдімбекті ұлтшыл депқаралаған мақала екен. Мақаланы аудартып қойдым, басуға ниет жоқ. Сосынкомсомол орталық комитетінің бірінші хатшысы Серғазы Қоңдыбайға бардым, «осындайжағдай болып жатыр, мен бұған қарсымын, алдыңнан өтейін деп келдім, егер міндеттітүрде жариялау қажет десеңіз, бюроның шешімін шығарып беріңіз» дедім. Ол: «Газетқұрылтайшысы біз (комсомол орталық комитеті – ред.) болғанымызбен, редакторы – сен,мен саған қарсы болмаймын», – деді.

Міне, комсомолда да ұлтқа жани ашитын адамдарістегенінің бір дәлелі осы. Егер бұл мақала жариялануы керек болса, онда СергейПодгорбунскийдің немесе осыны дайындаған адамның атынан беретін  болып келістік. «Лениншіл жастың»қызметкерінің атымен баспаймын» дедім. «Ленинская смена» газеті басредакторының орынбасары Әділ Ыбыраевпен де осы ұстанымда қаламыз депкелістік.  С.Подгорбунский мақаланы кімніңатынан беру керегін сол күйі айта алмады. Кейін бұл мақаланың үш әріпте дайындалғанынбілдік. Олар қалай болғанда да, газет беделінен қорықты деп ойлаймын. Кейінарада көп уақыт өткен соң, халық білсін деген ниетпен мақаланы қара сызықпенқоршап, басына түсіндірме сөз жазып жарияладым.

«Лениншіл жас» Желтоқсан оқиғасы туралымақалаларды тұрақты жариялады. Газет қызметкері Қайыммұнар Табеев   Семейге арнайы барып, Қайрат Рысқұлбековтің өмірімен өлеңі туралы мақала жаздық. Қайрат марқұмның атақты «Қайрат деген атым бар,Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар» деген  өлеңі алғаш рет біздің газетте жарияланды.  ШерханМұртаза, Сафуан Шаймерденов, Жұбан Молдағалиевтердің Желтоқсан оқиғасыкезіндегі ерліктері жөнінде де материалдар бердік.

«Жетісу» газеті Қайрат Рысқұлбековтің сотын суретіменберген екен. Газеттің сол күнгі нөміріне журналист Мейрамбек Төлепбергенкезекші болған. Газеттің редакторы мен оны жұмыстан қуу қаупі туды. Мейрамбекті«Лениншіл жасқа» жұмысқа алдым. Телевидениеде істейтін Бейбіт Исабаев та Желтоқсаноқиғасының ішінде болғаны үшін қудалана бастады.  Қазақ телевидениесі мен радиосының төрағасыСағат Әшімбаев: «Осындай ұлтшыл жігіт бар еді, мынадай жағдай болып жатыр.Бейбіт Исабаев деген. Жұмысқа ауыстырып алмасаң қиын болатын түрі бар», – депхабарласты. Оны да жұмысқа алдық. Қазір айта беруге болады деп ойлаймын,бұйрықты бірнеше күн бұрынғы датамен шығардым. Бір ғана өкінішім, партияжиналысында  журналист, ақын МейірханАқдәулетті қорғай алмай қалдым. Оны партиядан шығару мәселесін талқылағанжиналыста «ол көтерілістің ортасында  жүрмеген,жолда кетіп бара жатқанда суретке кездейсоқ түсіп қалған, осындай талантты ақынғақатысты қалайша партиядан шығару туралы шешім қабылдаймыз, одан да партбилетінесөгіс  жазып берсек те жетер» дедім.  Олай болмады, жиналыс көз алдау екен, партияданшығарып тынды. Жиналыс біткен соң, Мейірханның өзі келіп: «Аға, қорғайалмасаңыз да, қолдай алғаныңыз үшін рақмет», – дегені бар. Желтоқсан оқиғасымен газет туралы айтқанда осындай кейбір штрихтареске түсіп жатыр.

 «Лениншілжаста»  Хрущевтің кезінде Өзбекстанғаөтіп кеткен облыстар мен қазақ жерлері туралы материалдар  жарияладық. Материалдар құжат түрінде, түсініктемесізжарық көрді. Оның бәрін бізге Тұрлыбек Перуашев әкеліп еді. Бүгінгі мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің әкесі. Партияорталық комитеті идеология жөнінде үлкен жиын өткізді. Сол жиында жасалған баяндамада«бір жас газеттің жас редакторы мемлекетаралық деңгейдегі мәселені көтеріп, халықаралыққатынасқа  сызат түсіргісі келеді» деген  пікір айтылды. Фамилиямды атаған жоқ, өзімекенін біліп тұрмын. Шындығында, мақала партия орталық комитетіндегіазаматтардың да көңілінен шыққанын сеземін. Ұрысқан  болғанымен, ешқандай шара қолданбады. Кейін ұстазым,орталық партия комитетінің бөлім меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков шақырып алып,«өзбектерге кеткен жер кері қайтарылатын болды» деп хабар айтты. Бұл «Лениншілжастың» ұжымдық еңбегі және жеңісі деп есептеймін.

– Кез келген ұжым жаңа басшыдан жақсыүміт күтеді. Бірінші басшы ретінде ұжымға қандай жақсылық жасай алдыңыз?Естуімізше, сіздің тұсыңызда біраз адам баспаналы болған екен...

– Шерхан аға айтпақшы, «журналистің арқалағаны –алтын, жегені – жантақ». Байқасам, қызметкерлердің көпшілігі баспанасыз. Соңғы 10-15жылдан бері үй алмаған.  Комсомолда қызметістегенімнің пайдасы осы кезде тиді. Себебі қай мәселені кімге барып айтуды,қажетті құжаттарды қайда тапсыруды  үйрендімемес пе? Нәтижесінде қызметкерлеріміз үшін 25 пәтер алдық. Бұл шамамен 1989 жылболса керек. Сол жылы баспаналы болған қызметкерлерді бүгіндері көріп қалсам, «өзіңізалып берген үйде тұрып жатырмын» деп еске салып жатады. Сол жылдары біразадамның баспана мәселесін шеше алғаныма  кәдімгідейқуанамын. Кез келген басшының міндеті – қызметкерлерін әлеуметтік жағынанқорғау, газеттің саяси бағытын айқындап беру.  

– Наурыз мерекесін қайта жаңғырту туралыәңгімелерде «Жас Алаш» газеті міндетті түрде айтылады...  

–  1988 жылы ақпан айында  газетте ақын Мұхтар Шахановпен тікелей сұхбатжарияланды. «Тамырыңды терең жібер» деген тақырыппен шыққан бұл сұхбатта Наурызмерекесінің дінге ешқандай қатысы жоқтығы, жаңару, жаңғыру мейрамы екені туралыайтылды.  Сондықтан  11 наурызда «Лениншіл жас» газетінде ақын-жазушыларСырбай Мәуленов, Сафуан Шаймерденов, Сұлтанәлі Балғабаев, Смағұл Елубай,Құрманғазы Қараманұлы, Серік Асылбеков, Ұлықбек Есдәулетовтердің МұхтарШахановтың пікірін қуаттаған «Орынды ұсыныс» атты хаты жарияланады. Жер-жерденқолдау білдіріп, хат жазған оқырмандар да көп болды.

Осы сұхбаттан соң әрі оқырман қолдаған мақалаларды алып, ақын аға МұхтарШаханов арнайы хат әзірлеп, сол кезде Қазақстанға басшылыққа келген Г.Колбинніңқабылдауында болды. Ұсынысымыз қолдау тапты. Нәтижесінде 1988 жылы 30 наурыз күнi Алматыда Наурыз мейрамытойланды.  Бұл  «Лениншіл жас» көтерген ұлы бастама ғой депойлаймын. М.Шахановқа, сол кездегі партия орталық комитетінің идеологияжөніндегі хатшысы Ө.Жәнібековқа біз де, халық та риза ғой деп ойлаймын.

– Сол заманда басылым таралымы өтежоғары болды. Газетке жазылуға комсомол ықпал етті ме, әлде оқырманның газетоқуға деген ынтасы басым ба еді?

– Газет комсомолдың органы болғанымен, комитеттіңбарлық газетті жаздыруға ықпал ету мүмкіндігі болған жоқ. Таралымның көп болуыгазет беделінің өсуіне байланысты. Сондықтан   ШерханМұртазаның кезінде қалыптасқан, Сейдахмет Бердіқұловтан келе жатқан газеттіңүлкен тиражы сақталды, менің тұсымда да сол үлкен көлемде – 300 мың тиражбеншығып тұрды. Газет мұғалімнің де, ақынның да, жазушының да, қойшының да,егіншінің де қолында жүрді, жан серігіне айналды. Бүгінгі интеллигенцияныңрухани ұстазы – сол кездегі «Лениншіл жас»,  бүгінгі «Жас Алаш». Шерағаңның тұсында қазақруханиятына ірі тұлғалар келді, мысалы, Мұхтар Шаханов, Ақселеу Сейдімбек,Оралхан Бөкей, Фариза Оңғарсынова,  РымғалиНұрғалиев, Сағат Әшімбаев – осылардың бәрі қазақ журналистикасына ғана емес,руханиятымызға да әсер еткен тұлғалар. Бұл мектеп әрі  қарай   Сейдахмет Бердіқұлов ағамыздың тұсында дажалғасын тапты. Қазақтың беткеұстар жігіттері жұмыс істеді. Менің тұсымда дабұл үрдіс жалғасын тапты.  Бүгіндері президенткеңесшісі болып отырған Бауыржан Омаров, кешегі елші, президенттің парламенттегіөкілетті өкілі Бейбіт Исабаев, мәдениет және спорт министрлігі тіл комитетініңтөрағасы Ғалымжан Мелдешов, публицист Қайым-Мұнар Табеев, ақын Нұрлан Қалқа, тағыда басқа журналистер газеттің кадрлық әлеуетін көтерген тұлғаларға айналды.

— Газеттің тарихи атауыныңқайтарылуын сіздің есіміңізбен байланыстырады.  Сол рас па?

— Желтоқсан оқиғасынан кейін көп жыл бойы ойымнанкетпей қойған мәселе «Лениншіл жастың» атауын өзгерту еді. Бірден «Жас Алаш»деп  өзгертсек қарсылыққа тап болармыз, «Жасқазақ» деп атасақ па екен деген де ой болды. Ол үшін арнайы қаулы керек. Орталықкомитет оған рұқсат етер ме екен деп, екіойлы болып жүргенде   1991жылдың  Тамыз оқиғасы бола қалды. Солкүні кешке ешкіммен ақылдаспай, газет атауын бір түнде өзгертіп  жібердік. Орынбасарларым Ерғали Сағатов пен ЖарылқапБейсенбай екеуіне бүгінгі күнге дейін ризамын. Себебі газет атауының екі кештеөзгергенін солар ғана білді. Жоғарыға телефон шалып жіберсе, ары қарай не боларынкім біледі? Бірақ олардың да ұлт патриоты екенін білемін. Сенімді болған соң да,газетке Ғани Мұратбаевтың өзі қойған тарихи атауын қайтардық. Таңертең газет «ЖасАлаш» болып жарық көрді. Еш тараптан қысым болған жоқ. Қоғамдық сана өзгергенкез ғой, ауызекі   әңгіме болғанымен, бюрода қараған жоқ. Көпұзамай тәуелсіздік туын көтердік.

– Бүгінгітаңда – зейнет жасыңызда да қарап жатпаған боларсыз? Не жазып жүрсіз?

– Қазіргі уақытта М.Әуезоватындағы Әдебиет және өнер институты директорының кеңесшісімін. Ғылыми жобажетекшісімін. Былтыр «Қасірет пен қасиет» атты романым жарық көрді. Бұл романныңбірінші бөліміне Кенесары мен Садық сұлтандардың өмірінің соңғы жылы туралыроманым кірді. Екінші бөлімінде Абайдың қара сөздерін бүгінгі күннің көзіменбағамдап, эссе жаздым. Сонымен бірге «Жамбыл» атты роман-этюд те осы кітапқакірді. 

Қызметте жүргенде ой толғауға қол тимей қалғандүниелерге қайта оралып жатқан жайым бар. Жақында «Смартфон» деген әңгіме жазыпбітірдім, ұялы телефонның отбасы құндылығын қандай деңгейге жеткізгенін,адамдардың жатбауыр болып кеткенін жазу арқылы ұлт құндылығын жоғалтып алмайықдеген ой айтқым келді.

Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабын,  әл-Фарабидіңқайырымды қала туралы кітабын қарап, ел билеушісіне қажет  ұстанымдарын зерделеп, арнайы мақала жазыпбітірдім. Заман өзгергенмен, қоғам өзгергенмен, ел билеу принциптері қалыптыдеңгейде қалуы керек екен ғой.

— Әңгімені «Жас Алашпен» бастадық,газетпен түйіндесек, бұл газет сізге не берді?

— Газетте басшылықта болған жылдарды өзөмірімдегі ең бір сындарлы шақ деп есептеймін. Әділ сөйлеуді, адал қызмет етудіүйретті. Кез келген басылым, бірінші кезекте, халықтың сөзін сөйлеп, шындықтыбұра тартпауы керек деп есептеймін.

«Жас Алаштан» кейін Жамбыл облысынан ҚазақстанРеспубликасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болып сайландым.  Бұл облыстың жағдайын жетік білмейтін едім.Бірақ облыс сайлаушылары «Жас Алашты» біледі,  мені де газет арқылы таныды. Қолдап шықты. Бұлда газеттің құдіреті деп түсінемін. 

Менің 50 жылдығымда ұс­тазым  Сарбас Ақ­таев:  «Уәлихан, сен бақыттысың, сен ұлт­тықбаспасөзіміздің балалығы – «Ұланды», жастығы – «Жас Алаш­ты», даналығы –«Егемен Қазақ­станды» басқарған бас редактор болдың. Мұндай өмір жолынан сағандейін ешкім өткен жоқ», – деді. Мен үшін бұдан асқан  марапат жоқ деп ойлаймын. 

«Жас Алаштың» 100 жылдық тойықұтты болсын!

ӘңгімелескенМеңтай ШЫҢҒЫСҚЫЗЫ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега