Сараптама

UFC 291: Тони Фергюсон қатарынан алтыншы жеңіліске ұшырады

Американың Солт-Лейк-Сити қаласында ірі UFC 291 турнирі өтіп жатыр. Шара аясында америкалық Тони Фергюсон отандасы Бобби Гринмен кездесті.

Jasalash.kz

Жеңіл салмақтағы UFC-нің бұрынғы уақытша чемпионы америкалық Тони Фергюсон (25-9) қатарынан алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Бастапқы раундта нокдаунға түскенімен Грин басымдыққа ие болды. Кездесу соңында ол қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Тони Фергюсон қатарынан алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега