Саясат

Үгіт-насихат жалғасуда

Жуырда Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алиев Нұрбол кездесулер өткізді.

Jasalash.kz

Канвассинг-кездесу барысында Райымбек ауданының құрыметті азаматтары Қанат Ахметов, Медетхан Абиров,  Мәдени Нурдаулетов,  Бихан Кенебаевалардың үйлеріне барды.

Кездесу кезінде  «Nur Otan» партиясының бағдарламасымен таныстырып, жіті түсіндіріп берді. Ардагерлеріміз өте салиқалы әңгімесін айтып, партиямызға деген үлкен сенім артатындарын жеткізді.

Сонымен бірге, жылы лебізі мен ізгі тілектерін айтты.

Айта кету керек, бұл кісілер  ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген, әрқашанда белсенді атсалысатын құрметті азаматтар. Осы өлке игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Осы кісілердің  жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы еңбегі зор.

Сондықтан, біз ауданымызда тұратын осындай тұлғаларды дәріптеп, олардың батасын алуға ұмтылуымыз қажет деп есептеймін. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А. Нұрбол Нарынқол ауылы тұрғындарымен шағын кәсіпкерлермен, саудагерлермен экспромт-кездесу өткізді.

Шара аясында ол халыққа «Nur Otan»  партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып,  партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Сондай-ақ,  «Кандидатқа сұрақ қой» акциясы аясында халықпен онлайн түрде кездесу өткізді. Аудан тұрғындарын  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен әлеуметтік желіде ел-жұртты таныстырып, өтетін сайлауда еліміздегі беделді «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап беріп, алдағы сайлауға қатысуға шақырды. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега