Үкімет ақшасы: Үй түгілі қора да ала алмайсың
Қарағандыоблысының Қарабас кенті халқынан маза кетті. Қарабастың шеткі жағындаорналасқан 35 нысандағы 1-ші үйдегі тұрғындарды жергілікті билік басқа жерге көшіруді қолға алып жатыр.
АлҚарабастан көшкісі келмеген жұрттың әкім-қараларға деген өкпелері қарақазандай. Жұрттың айтуынша, тұрып жатқан үйлерін биліктегілер тым арзанғабағалап жіберіпті. Былтырдан бері шенеуніктер тұрғындардың баспаналарынмәжбүрлі түрде иеліктен шығаратындарыжөнінде ескертіп келген. Қарабас тұрғындары мемлекет тарапынан пәтерлері үшінберілетін өтемақының тым аз екенін айтады. Мұндағы бір бөлмелі пәтерді 600мыңға үш бөлмелі баспананы 1 млн 300 мың теңгеге бағалапты.
«Менің бір бөлмелі пәтерімді алты жүз мың теңге деп бағалап, жазып қойыпты. Сонда мен бұлақшаға гаражда сатып ала алмаймын ғой. Біз Қарабастың шетінде тұрамыз. Мал сатыпалып, қора салып алдық. Шындығында малдың арқасында күнелтіп отырмыз. Ендіқайда барамыз. Беретін ақшалары тым аз»,-деп қынжылады Қарабас кентінің тұрғыныЕрмағанбет БАТТАЛОВ.
Айта кету керекҚарабас кентінде түзету калониясы бар. Бүгінде дау туғызып отырған үйгеІшкі істер министрінің көзі түсіпті. Мұндағы үйдің орнына министрлік әскерилер үшін ғимарат салуды жоспарлаған.Бұл ғимарат қазіргі тұрған қойманыңжанында орналасуы қажет екен. Алайда жұрт мұнда жиырма жылдай тұрып келе жатыр.Олар өз қаражаттарын жұмсап, үйге толығымен коммуникация жүргізіп алған.
«Енді биліктарапынан берілетін қаражатқа сумен кәріз жүйесі тартылмаған ескі үйлерден ғанапәтер алуға болады» деп ашынады тұрғындар. Заңға сай мұндай жағдайда тұрғындарға өтемақы төленедінемесе баспана тауып береді. Алайда ұсынған пәтерді ала салғысы келгендеркөрсетілген баспананың сыйқын көріп, базкешіп отыр.
«Ұсынып отырғандары ағаш үйлер. Біздің үй кірпіштенсалынған. Әрі олардың пәтерлерінің сапасы өте нашар. Мен неге өзімнің талай жылтер төгіп жөндеп келген баспанамды нашар пәтерге айырбастай салуым керек. Менбұған келіспеймін. Бізді 2020 жылға дейін үйді босатыңдар деп мәжбүрлеп отыр»,-дейді Қарабас кентінің тұрғыны Еркебұлан АДЕМБАЕВ.
Қарабас кентініңәкімі тұрғындардың пәтерін тәуелсіз бағалаушы мамандар нарық заңына сүйенеотырып бағалады деген пікірін білдіреді.
«Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздікке қажеттілікке байланыстыҚарабас кенті 35-ші нысандағы 1-ші үйде орналасқан 1-16 пәтерлер бойынша мемлекетмұқтаждығы үшін иеліктен шығаруға қаулы шығарған болатын. Бүгінде өтемақыкөлемі анықталды. Тұрғындардың қолына сатып алу туралы келісімдері берілгенболатын»,-деп мәлімдеді Қарабас кентінің әкімі Әлібек ӘЛІПБЕКОВ.
Үйдің орнында алдағы жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары басталады.Алайда тұрғындар аз қаражат ұсынғандықтан орнымыздан жылжымаймыз деп бекініпотыр.
Фото автордікі.