Әлеумет

Үкімет: «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай іске асып жатыр

Қостанайоблысында «Ауыл – ел бесігі» жобасыаясында 2,3 млрд теңге тұратын 46 жоба іске асырылатын болады.

Jasalash.kz

Бұлтуралы Қостанай облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ЖасАЛАШ тілшісі.

Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен үкімет жиынында «Ауыл –Ел бесігі» жобасының жүзеге асу мәселесі қаралды. Бұл жоба «Нұр Отан»халықтық-демократиялық партиясының  XVIII съезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢбастауымен қолға алынған еді. Жиында Қостанай облысы әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ өңірдегіжұмыстарымен таныстырды.

 «Ауыл – ел бесігі» жобасына біздің өңірдің 548ауылынан 41 мыңнан астам тұрғыны бар 5 ауыл қатысып отыр. Олардың барлығы ауданорталықтары. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қолға алынған жобасы аясында 2,3млрд теңге тұратын 46 жоба жүзеге асырылады. Яғни әлеуметтік нысандарды күрделіжөндеу, кеңшілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жобалар. Сондай-ақ, жергіліктібюджеттен бүгінгі күні 2,5 млрд теңге бөлінді, артынан бюджетті қайта қарағандақосымша тағы ақша бөлмекпіз. Газ тартамыз, ауызсу мәселелерін шешіп,  жалға берілетін тұрғын үйлер салынады», — дедіоблыс басшысы. 

Мемлекеттік бюджеттен бөлек бұл салағадемеушілерді де тартып жатыр екен. Кәсіпкерлер ауылдарды абаттандыру,балабақшалар салу және басқа да жұмыстарға бүгінгі күні 1 млрд теңге бөліпті.

Айтпақшы, сәуір айында Премьер-министрдіңорынбасары Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Бердібек САПАРБАЕВ Қостанай облысына іссапармен барған болатын. Солкезде Архимед БЕКЕЖАНҰЛЫ тұрмысы ауыр отбасылар мен көп балалы аналарға ірікәсіпорындардың қарайласатынын айтқан еді. Қостанай облысында бүгінгі күні бесмың көп балалы ана тіркелген.

Үкіметте есеп берген өңір басшысы халықтыжұмыспен қамту үшін жаңа кәсіпорындардың да ашылатын айтып өтті.

 «Биылғы 2019 жылы бес ауылдық кешенді дамытуүшін 8 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр. Бұл ауыл халқының өмірін айтарлықтайжақсартады. Индустрияландыру бойынша да бірқатар шаруалар жасалуда. МысалыФедоров ауылында сүт өңдейтін зауыттың құрылысы бастап жібердік», — деді АрхимедМұхамбетов.

Жалпы бұл жобаныіске асыру үшін республикалық қазынадан 2019-2021 жылдарға 90 миллиард теңгебөліну жоспарда. Оның 30 млрд теңгесі 2019 жылы игеріледі.

«Ауыл – Ел бесігі»жобасы халық көп шоғырланған, инфраструктурасын лезде шешу қажет аудан орталықтарыныңбойына қан жүгіртпек. Бір аудан орталығына шамамен 670 миллион теңге жұмсалмақ.Қазіргі күні жергілікті қазынадан 4,7 млрд теңге бөлінді.

Бұл жобаның оңкөрсеткішке қол жеткізуі үшін вице-премьер Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ басшылығымен Жобакеңсесі құрылды. Және облыс әкімдерінің басшылығымен олар аймақтарда да ашылды.Олар екі апта сайын есеп беріп отырады. Бұнымен қатар парламент депутаттары,қоғам қайраткерлері, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері дебұл жобаның іске асырылуын қадағалап отырады.

Фото: zhasalash.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега