Үкімет автокөлік сатып алуға 650 млрд теңге жұмсаған
Үкімет 2013 жылданбері автокөлік сатып алуға 650 миллиард теңге жұмсаған. Бұл жөнінде inbusiness.kzбасылымы хабарлады.
Қаржы министрлігініңмәліметінше, 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен автопарк жаңартуға97,3 млрд, 2017 жылы 160 млрд, 2018 жылы123 млрд теңге жұмсалған.
2013 жылдан беріүкімет бюджеттен автокөлік сатып алуға 650 миллиард теңге бөлген. Салыстырмалытүрде алғанда ұзақ жылдардан бері жыр болған «Сарыарқа» газ құбырын (1031шақырым) тартуға 267 миллиард теңге кеткен.
Айта кететін біржайт, статистика бойынша, Қазақстанда 98 мың мемлекеттік қызметкер бар. Оның453-і саяси, 285-і «А» корпусындағы шенділер. Қалған 97 мың адам «Б» корпусыныңқызметкерлері.
Фото: zakon.kz